СҚО-да экология талаптарын бұзған әкімдікке 2,5 млн теңге айыппұл салынды
Солтүстік Қазақстан облысында биыл рұқсаты жоқ 200-ге жуық қоқыс полигоны анықталды, тағы 76-сының шекарасы заңсыз кеңейген. Ал жоспардан тыс тексеру кезінде анықталған олқылықтар үшін екі ауылдық әкім жазаланды, деп хабарлайды Kazinform.