Өзбекстанда жұмыс кезінде туған күн тойлаған «103» қызметкерлері жауапқа тартылды
Әлеуметтік желілерде Қашқадария облысының Ғузор ауданында жедел медициналық жәрдем қызметкерлері жұмыс орнында туған күнін тойлап жатқаны түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Kazinform облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.