Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2025

Азат Еуропа/Азаттық радиосының шағымы бойынша сот жалғасып жатыр

0

Азат Еуропа/Азаттық радиосы АҚШ Конгресінің 2025 жылға бөлген грантына қол жеткізу үшін АҚШ Ғаламдық медиа агенттігімен (USAGM) соттасып жатыр. АЕ/АР басшылығы 28 наурызда осылай деп мәлімдеді.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы және өзге де халықаралық америкалық ақпарат құралдары USAGM-ға қарайды. Наурыздың ортасында АҚШ президенті Дональд Трамп жеті мемлекеттік агенттіктің, соның ішінде USAGM-нің жұмысын қысқарту туралы жарлық шығарған. Бұдан соң Азат Еуропа/ Азаттық радиосына Конгресс бөлген қаржыны тоқтату туралы шешім шықты.

Вашингтондағы (Колумбия округі) федералды округтік соты 25 наурызда Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) медиакорпорациясының АҚШ-тың Ғаламдық медиа жөніндегі агенттігіне (USAGM) қарсы берген талап-арызында көрсетілген осы медиаұйымға қаржы беруді доғару туралы шешімді уақытша тоқтату туралы өтінішін қанағаттандырған.

Сот қарсаңында АҚШ-тың Ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі Азат Еуропа/Азаттық радиосына АҚШ Конгресі бөлген қаржының бір бөлігін беруге келіскен. Бұл жөнінде 24 наурызда агенттіктің өзі, АЕ/АР медиакорпорациясы мен USAGM басшылығы арасындағы сот отырысынан бұрын хабарлаған. Нәтижесінде АЕ/АР 1-14 наурыз аралығындағы грантты қамтитын 7,46 млн доллар соманы алады.

27 наурызда медиакорпорация USAGM-ның гранттың толық ұзартылғанын ресми түрде растағанын күтетінін мәлімдеген. 28 наурыз, жұма күні агенттіктен растау келмеді. "Конгрестің бізге АҚШ Ғаламдық медиа агенттігі арқылы бөлген қаражатын асыға күтеміз. Оған дейін Конгресс шешімдерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті құқықтық құралдарды қолданамыз. Азаттық радиосы өз аудиториясы мен Конгресс бекіткен миссиясына адал болып қалады" деп жазылған хабарламада.

Азат Еуропа/ Азаттық радиосы 18 наурызда ұйымның жұмысына Конгресс бөлген қаржыны тоқтату әрекетін болдырмау үшін АҚШ-тың Ғаламдық медиа жөніндегі агенттігін және оның лауазымды тұлғалары Кэри Лейк пен Виктор Моралесті сотқа берген.USAGM сайтында агенттік төрағасы міндетін атқарушысының бас кеңесшісі Кэри Лейктің мәлімдемесі жарияланды, онда Трамп әкімшілігінің көзқарасы тұрғысынан салық төлеушілердің ақшасы тиімсіз жұмсалып жатқаны айтылған.Азат Еуропа/ Азаттық радиосы – 1953 жылдан бері жұмыс істейтін тәуелсіз медиаұйым. Ол Ғаламдық медиа жөніндегі агенттік арқылы АҚШ конгресі бөлетін қаражат есебінен жұмыс істейді.Қазақ тілінде хабар тарататын Азаттық радиосы - Азат Еуропа/ Азаттық радиосының құрамдас бөлігі. Ол 1953 жылдан бері жұмыс істейді. Қаржыландыруды тоқтату туралы ақпарат шыққанда Азаттық оқырмандары оған қолдау білдіріп, түрлі пікір айтты.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России