Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Бессент: АҚШ Қытайға кеден салығын арттыру үшін бұл іске Еуропа да араласуы керек

0

АҚШ Қытайға Ресей мұнайын сатып алғаны үшін қосымша кеден салығын салардан бұрын Еуроодақ та Қытай мен Үндістанға баж салығын арттыруы қажет. Бұл туралы АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдерін (бұл ұйымға Еуроодаққа мүше мемлекеттердің көбі кіреді) Ресей энергетикасын сатып алуды доғаруға шақырған. Трамптың сыншылары бұл талаптың орындалуы қиын екенін, Трамп мұндай талап қою арқылы жаңа санкция жарияламауға ілік іздеп жатқанын айтады. Ресей мұнайын мол сатып алатын елдердің қатарында НАТО-ға мүше Венгрия мен Түркия да бар. Ал Трамп бұл елдердің басшыларын мадақтап жүреді дейді The New York Times басылымы.

"Еуропалықтар белгілі бір жүктемені өз мойнына алуы керек деп отырмыз, еуропалықтарсыз біз алғы жылжымаймыз" деді Бессент. Ол АҚШ-тың Ресейден мұнай сатып алып отырған Үндістанға баж салығын арттырғанын, бірақ мұндай шараны Қытайға қарсы қолдану үшін бұл іске Еуроодақ та араласуы керек екенін айтты.

Бірақ сөйте тұра Бессент АҚШ Ресейдің өзіне бағытталған санкцияларды қатайтуы мүмкін екенін білдірді.

Франциялық Le Monde басылымы дүйсенбі күнгі хабарында Еуроодақ Қытай тауарларына арналған салықты арттыруды жоспарлап отырмағанын айтты.

"Бұл біз ешқандай шара қабылдамаймыз дегенді білдірмейді, бірақ әзірге шамадан тыс тариф туралы сөз жоқ" деп келтірді басылым аты аталмаған еуропалыққа дипломаттың сөзін. Дереккөздің айтуынша, Еуроодақ Ресей экономикасына қарсы қатаң санкцияларға дайын, бірақ Қытай мен Үндістанға келгенде ондай қадамға бара алмайды, өйткені бұл Еуроодақ экономикасына ауыр соққы болмақ.

Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Линь Цзянь дүйсенбіде мәлімдеме жасап, НАТО елдері қытай тауарларына баж салығын енгізсе, Пекин "қарымта қадамға баратынын" айтқан.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России