Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Навальная: Алексейдің уланғанын екі зертхана растады

0

Ресей түрмесінде қаза болған оппозиционер Алексей Навальныйдың жесірі Юлия Навальная шетелдегі бір-бірінен тәуелсіз екі зертхана күйеуінің былтыр түрмеде уланып қайтыс болғанын растағанын айтты.

“2024 жылы ақпанда Алексейдің биологиялық материалдарын алып, шекарадан өткізіп, батыс елдеріндегі зертханалардың біріне жібере алдық. Бірнеше ай бұрын нәтижесі дайын екенін білдім. Бір-біріне тәуелсіз екі зертхана Алексей уланған деген қорытындыға келіп отыр” деп жазды Навальная телеграм-парақшасында.

“Ресей азаматы өлтірілді. Ресей аумағында өлтірілді. Барлық деректер қоры сол жерде. Батыс елдерінің қылмыстық іс қозғап, жүргізуіне заңнамалық негіз жоқ болып отыр” деді ол.

Ол сондай қорытынды жасаған зертханаларды нәтижелерін жариялауға шақырды. Дегенмен ол зертханалардың қайда орналасқанын айтпады.

Юлия Навальная сонымен бірге күйеуі өлген күні Харп колониясының айыппұл камерасында түсірілді деген суреттерді де жариялады.

Навальнаяның сөзінше, 16 ақпанда колонияның ішіндегі видеокамералардан жазбалар табылмаған.

"Оның соңғы күндері туралы жазба құдды мүлде болмағандай. Ол жазбаларда ресми нұсқамен мүлде сәйкеспейтін бір нәрсе бар сияқты. Әйтпесе барлық орталық арналардан қайта-қайта көрсетер еді" деді Навальная.

Ол сонымен бірге Навальный өлген күні кезекшілікте болған бес колония қызметкерінің айтқандары туралы жазып, соған қарап отырып оппозиционердің өмірінің соңғы сәтін құрастыруға тырысқан. Бұған дейін The Insider және өзге ақпарат құралдары ресми құжаттар жариялаған. Оған сәйкес, Навальныйдың жағдайы күрт нашарлап, лоқсыған, ізінше есінен танып қалған, реанимация шаралары ешқандай нәтиже бермеген. Сол кезде жақтастары Навальный уланған болуы мүмкін деп топшылаған.

Юлия Навальнаяның сөзінше, түрме қызметкерлері безгек туралы айтқан, ал ресми құжаттарда ол жөнінде ештеңе айтылмайды.

"Безгек уланудан хабар беруі мүмкін. Сот медицина құжатарында да безгек жөнінде айтылмайды, бірақ онда Алексей өлгенге дейін 30-40 минут бұрын оның шынтағы мен тізесінде пайда болған қанталау туралы айтылады. Алексей дірілдеп, еденге соғылған - бұл белгілер осыдан шыққан сияқты" деп жазды Навальная.

2025 жылы 16 қыркүйекте Салехард қалалық соты ұлының өліміне қатысты іс қозғауды талап еткен саясаткердің анасы Людмила Навальнаяның шағымы бойынша істі тоқтатқаны белгілі болды.

Оппозициялық саясаткер Алексей Навальный 2024 жылы 16 ақпанда "Полярный волк" қатаң режимдегі колонияда көз жұмды. Оның қазасына қатысты берілген анықтамада саясаткер "табиғи себептерден қайтыс болғаны" жазылған. Саясаткер қаза болғанға дейін бірнеше күн бұрын тәртіп изоляторына 27 рет жөнелтілген.Оппозиционердің жақтастары саясаткерді өлтірді деп санайды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России