Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Бас прокурор: заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады

0

Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады деп мәлімдеді бас прокурор Берік Асылов. Оның хабарламасы бас прокуратураның желідегі парақшасында жарияланды.

"Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетіне айналады. Негізгі мақсат – ел экономикасына, соның ішінде бұрын шетелге заңсыз шығарылғанды да қоса алғанда, қаражатты құюға ынталандыратын жүйе құру" деп жазылған хабарламада.

Оның айтуынша, осы уақытқа дейін "олигополия субъектілерінен 1,3 трлн теңгеден астам қаражат өндірілген", "шамамен 850 млрд теңгесі мемлекет кірісіне түскен".

Айтуынша, қайтарылған қаражат есебінен 375 млрд теңгесіне – 207 су құбыры нысаны, 177 медициналық мекеме, 14 білім беру және спорт нысанының құрылысы басталған. "Олигополия субъектілері елге 5,2 трлн теңге инвестиция құю" міндеттемесін алған.

"Бұдан бөлек, субъектілермен 16 мектеп пен балабақша, 8 дәрігерлік амбулатория мен аурухана, 13 спорт кешені, 16 мәдени-демалыс нысаны салынады. Жалпы құны – 122 млрд теңге.

Бұл 8 000-нан астам қосымша жұмыс орнын ашады. Барлық жобаларға қатаң бақылау орнатылады" деп жазылған хабарламада.

2022 жылы кемі 238 адам қаза тапқан Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін президент Тоқаев "Қазақстан байлығының жартысынан астамы 162 адамның қолында, ал Қазақстан халқының жартысының ай сайынғы кірісі 50 мың теңгеден аспайды" деп мәлімдеп, жағдайды дереу өзгерту қажеттігін айтқан еді.

Билік шетелге заңсыз шығып кеткен қаражатты елге қайтаруға уәде етіп, үкімет жанынан арнаулы комиссия жасақталған. Бас прокуратура жанынан Заңсыз активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылған.

2023 жылы жазда қабылданған "Заңсыз активтерді мемлекетке қайтару туралы" заңға сәйкес, дүние-мүлікті заңсыз иеленген жеке немесе заңды тұлға өз активін ерікті түрде қайтарса, жауапқа тартылмайды. Олардың аты-жөні қоғамға ашық айтылмайды.

Содан бері өткен кезеңде билік өкілдері экс-президенттің отбасы мүшелері шетелге заңсыз шығарған активтер мемлекетке қайтарылып жатқанын анда-санда мәлімдеп келді.

Алайда сыншылар заңсыз жолмен алынған дүние-мүлікті мемлекетке қайтару науқаны ашық жүргізіліп жатқан жоқ деп санайды. Қабылданған заңға қоғамда күмәнмен қарайтындар да аз емес. Кей сарапшы заңның кем-кетігі көп, "ақша ұрлауға мүмкіндік қалдырады" деп сынға алған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России