Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Сентябрь
2025

Армениялықтар паспорт мөрінен Арарат тауының өшірілуіне наразы

0

Арарат тауы ғасырлар бойы армяндар үшін қастерлі символ болды. Армения елтаңбасында осы таудың шыңы бейнеленген. Биіктігі 5100 метр болатын бұл тау паспорт мөрінен де орын тапқан.

"Арарат" деп аталатын армениялық алкоголь ішімдігі, темекі бренді және футбол клубы бар. Оңтүстік Кавказдағы бұл елде "Арарат" – ер азаматтар арасындағы танымал есімдердің бірі.

Бір ғана жайт: Арарат Армения аумағында емес. Ол көрші Түркия жерінде орналасқан.

Соған қарамастан, Армения үкіметінің Арарат бейнесін паспорт мөрінен алып тастау туралы 11 қыркүйек күнгі шешімі үлкен наразылық тудырды.

Бұл қадам Армения мен Әзербайжан екі толыққанды соғысты қоса алғанда, ондаған жылдарға созылған қақтығысты тоқтатуға бағытталған келісімге қол қойғаннан кейін бір ай өткен соң жасалды.

Армения премьер-министрі Никол Пашинян бұл қадамға елдің "тарихи жауларымен" қарым-қатынасын жақсарту үшін барып отыр. Бірақ сыншылар армян үкіметі Түркия мен Әзербайжанға тағы бір мәрте жол беріп отыр дейді.

Сыншылардың айтуынша, елдің "тарихи жауларымен" қарым-қатынасын жақсартуды көздеген Никол Пашинян Түркия мен Әзербайжанға тағы бір мәрте есе жіберіп отыр.

Анкара мен Баку Арарат тауының Армения ұлттық эмблемаларында бейнелеуіне бұрыннан қарсылық танытып келген. Қос мемлекет мұны территорияны даулау ниеті деп бағалаған.

Пашинян паспорт мөрінен Арарат тауын алып тастауды қолдап отыр. Шешім 1 қарашада күшіне енеді.

"Біздің міндетіміз – бүгінгі легитимді шекарамыздың аясында еліміздің қауіпсіздігін ғасырлар бойына қамтамасыз ету" деді ол 15 қыркүйекте.

Түркия мен Совет Одағы арасындағы 1921 жылғы Карс келісімшартынан соң Арарат тауы мен армяндар көп тұратын бірқатар аумақ Түркияға өткен.

Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Түркияның шығысында армяндар көп болған. Бірақ Осман империясы 1,5 миллионға тарта армянды қырып-жойған соң, бұл жағдай өзгерді. Ондаған ел бұл оқиғаны геноцид деп бағалаған.

Пашинянның сөзі ел наразылығын, алаңын баса алмады. Өйткені көптеген армениялық үшін Арарат тауы армян халқының туған жері әрі 20-ғасырда армян халқының басына туған қасіреттің символы саналады.

"Мен бұған түбегейлі қарсымын" деді Азаттықтың Армян қызметіне Еревандағы бір әйел. "Арарат тауы – Арменияның символы".

Шыңын мұз басқан Арарат Ереванның көп аймағынан көрінеді.

Оппозициялық саясаткер Сейран Оханян паспорт мөріне қатысты бұл қадам Анкараға жағыну әрекеті екенін айтады.

Түркия мұхитқа шығу жолы жоқ Армениямен шекарасын 1990 жылдардан бері жабық ұстап отыр. Бұл Армения саудасына кері әсер етіп, ел экономикасын тежеуші факторға айналған.

"Бір жағынан оларды бұған мәжбүрлеп жатыр" дейді саясаткер. "Екінші жағынан, олар мұны түріктерге жағыну үшін істеп отыр".

Өшпенділік тарихыАрмения мен Әзербайжан қазір тарихи бейбіт келісіміне қол қоюға жақын тұр. Бірақ кей мәселелер сол күйі шешімін таппай отыр. Арарат тауы жөніндегі дау дәл осы тұста туындады.

Өткен айда Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхам Әлиев АҚШ араағайындығымен бейбіт келісімді тиянақтайтын құжатқа қол қойды.

Армения мен Әзербайжанның ондаған жылға ұласқан жаугершілігі Совет Одағы ыдырар тұста басталды. 1990 жылдары қос мемлекет Таулы Қарабақ аймағы үшін соғысты. Негізінен армяндар тұратын аймақ халықаралық деңгейде Әзербайжан жері деп танылған болатын. Соғыс салдарынан 30 мың адам қаза тауып, аймақ жергілікті армяндардың бақылауына өтті.

Бірталай жылға ұласқан халықаралық медиацияға қарамастан, қос мемлекет бір-бірін жау санауды доғармады.

2020 жылғы алты апталық соғыста Әзербайжан аймақтыуң едәуір бөлігін қайтарып алды. Соғыс салдарынан қос тараптан 7 мыңға тарта сарбаз мерт болды.

Үш жылдан соң Әзербайжан әскери операция бастап, Таулы Қарабақты толықтай жаулап алып, 100 мыңнан астам армянды тұрғылықты жерінен кетуге мәжбүрледі

Осыдан соң Армения билігі конституцияға өзгеріс енгізіп, одан Таулы Қарабақты даулайтын бөлігін алып тастауға келіскен. Бірақ бұл шешімді бекіту үшін референдум қажет. Қос мемлекет шекара делимитациясы мен демаркациясын бастап кеткен.

Армения оппозициясы қайшылыққа толы демаркацияны айыптап, бұдан кейінгі дипломатиялық қадамдар Ереванның "жеңілгенін" білдіреді деді де, Пашиняннан отставкаға кетуді талап етті.

Бірақ былтырғы мыңдаған адам қатысқан тоқтаусыз наразылық ақыр аяғында бәсеңдеп, Пашинян өз үкіметінің бейбітшілік жолындағы саясаты халық қолдауына ие екенін мәлімдеді.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России