Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2025

Қазақстан үкіметі ERG-дегі үлесін сатпайтынын мәлімдеді

0

Қазақстан қаржы министрлігі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы иелерінің құрамы өзгеретіндігі туралы ақпарат тараған шақта өзінің үлесіне қатысты түсініктеме берді. Үкімет Forbes Kazakhstan басылымына берген ресми жауабында мемлекет компаниядағы өз үлесін сатпайды деп мәлімдеген.

"Қазақстан үкіметі қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті арқылы ERG компаниясының 40% акционері бола отырып, мемлекетке тиесілі ERG акцияларын сатуды қарастырып отырған жоқ" деп жазылған ресми жауапа.

Қаржы министрлігінің айтуынша, ERG акционерлер құрамы өзгерсе, аталған топ міндетті түрде ресми мәлімдеме жасауға тиіс.

Жуырда Financial Times басылымы өз дереккөздеріне сүйене отырып, қазақстандық кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп ERG-дің шамамен 40 пайыз акциясын сатып алуға өтініш бергенін жазған. Атап айтқанда, басылымның жазуынша, ол Патох Шодиев (18,6%) пен Александр Машкевичтің мұрагерлеріне тиесілі (20,7%) бөлікті сатып алуға ниет білдірген. Басылымның мәліметінше, Мүтәліп екеуін қосқанда 1,4 млрд долларға сатып алуға келісіп те қойған.

ERG компаниясының баспасөз қызметі "акционерлер деңгейіндегі кез келген талқыға түсініктеме бермейтінін" айтты.

1994 жылы Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын құрған "еуразиялық үштік" – Алиджан Ибрагимов, Александр Машкевич және Патох Шодиевтің әрқайсысы компанияның шамамен 20 пайыз акциясына ие болған, ал қалған 40 пайыз акция Қазақстан үкіметіне тиесілі. Алиджан Ибрагимов пен Александр Машкевич қайтыс болғаннан кейін олардың үлестері мұрагерлеріне өткен.

Олигархтар бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың адамдары саналған.

Eurasian Resources Group (ERG) компаниясына Қазақстанда «Қазхром», «Қазақстан аллюминийі», Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі, «ТрансКом» және өзге де кәсіпорындар кіреді. Аталған кеніштерге тиесілі шахталарда жұмысшылар жиі зардап шегеді. Биыл ақпанда "Қазхромға" қарасты комбинатта төрт жұмысшыны күйік шалған. Олардың бірі кейін алған жарақаттан қаза болды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России