Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28
29
30
31

Ресейде AZAL ұшағы апатына байланысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

0

Ресей тергеу комитеті Azerbaijan Airlines (AZAL) ұшағы апатына байланысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатты. Бұл жөнінде Әзербайжан сыртқы істер министрі Жейхун Байрамовқа сүйенген Minval Politika жазды.

Министрдің сөзінше, Ресей тергеу комитеті Әзербайжанға ұшақ апатына байланысты жүргізілген тергеу қорытындысын жіберген.

"Хатта қылмыстық іс тоқтатылғаны жазылған. Мұндай қадам әрине, көптеген сұрақ туындатады" деді Байрамов.

Әзербайжан сыртқы істер министрі Әзербайжан Ресейдің өз міндеттемесін орындағанын күтеді деді.

"Ұшақтың атып түсірілгенін біраз уақыттан кейін Ресей жағы мойындады және өтемақы төленетіні де айтылды. Бұл маңызды мәлімдеме болған. Бұл процесс соңына дейін жеткізіледі деп күтеміз" деді Жейхун Байрамов.

Ұшақ апатына бір жыл толған шақта Қазақстан көлік министрлігі бірнеше күн бұрын ұшақ апатына байланысты аралық есеп жариялаған. Комиссияның қорытындысына қарағана, Ақтаудағы ұшақ апатына "оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтері" әсер еткен болуы мүмкін.

"Жарылғыш заттардың іздері табылған жоқ. Зерттеуге ұсынылған үш оттегі баллонында жарылыс іздері жоқ. Әуе кемесінің зақымдануы болжам бойынша оқ-дәрі бөлігінің зақымдаушы элементтері әсерінен болуы мүмкін. Алайда олардың нақты тиесілігін анықтау мүмкін емес" делінген қорытындыда.

Комиссия ұшақтың орталық техникалық қызмет көрсету компьютерінің кассетасындағы деректерді саралай алмаған. Оған "термиялық әсер", яғни құрылғының жоғары температура салдарынан бүлінуі себеп болған.

Құжатта комиссияның түпкілікті есебі Қазақстан көлік министрлігінің сайтында жарияланатыны айтылған. Бірақ нақты мерзімі көрсетілмеген.

2024 жылғы 25 желтоқсанда J2-8243 рейсімен Бакуден Шешенстан орталығы Грозныйға ұшып шыққан Embraer ұшағын Ақтау түбіне құлаған. Оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы түрлі жарақат алған.

Қаза тапқан 38 адамның алтауы – Қазақстанның, 25 адам – Әзербайжанның, жетеуі - Ресей азаматтары.

Бастапқыда апаттың себебі жөнінде түрлі долбар болды. Ұшаққа Ресей аумағында оқ атылған болуы мүмкін деген болжам айтылғанда, Қазақстанның ресми өкілдері мұны "хайп қуу" деп атап, сын айтқан .

Кейін Әзербайжан президенті Илхам Әлиев апатқа "Ресейдің өкілдері жауапты" деп мәлімдеді. Әлиев Ресейден кінәсін мойындауды және осы оқиғаға кінәлілерді жазалауды талап етті. Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан ұшағының апатқа ұшырауына байланысты кешірім сұрағанымен , жауапкершілікті мойнына алмай келген еді. Тек биыл 9 қазанда Душанбеде Илхам Әлиевпен кездесу кезінде апат Ресей әуе қорғаныс күштері атқан зымыраннан болғанын мойындаған.

Биыл 4 ақпанда Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын тексерудің алдын ала қорытындысын жариялады. Көлік министрлігі мен ұшақ апатын зерттеу жөніндегі комиссия "ұшақ қаптамасындағы тесіктер сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді" деп жазған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России