Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Декабрь
2025
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29
30
31

Жапаров Атамбаевты мемлекеттік наградаларынан айырды

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты атақ-наградаларынан айыру туралы жарлыққа қол қойды. Президент әкімшілігі жариялаған хабарда бұл шара 2025 жылғы 3 маусымда Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты шығарған шешімді орындау мақсатында қабылданғаны айтылған.

Атамбаев Қырғызстанның Батыры атағынан, 2-дәрежелі "Манас" орденінен, "Данакер" орденінен және "Данқ" медалінен айырылған. Бас прокуратура жанындағы сот орындаушылары қызметіне марапаттарды тәркілеп, мемлекеттік наградалар қорына тапсыру жүктелген.

Өткен айда Жапаров пен Атамбаев энергетика мәселелері бойынша бірін-бірі айыптаған еді. Жапаров Атамбаев энергетика саласын дағдарысқа жеткізді, ал оның билігі кезінде "мүлде батпаққа батып", содан "әлі күнге дейін шығып болған жоқ" деп мәлімдеген.

Өз елінде биыл 11 жарым жылға сырттай сотталған (оған тағылған айыптардың ішінде Бішкек жылу электр орталығын жаңғырту кезіндегі сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысты айып та бар), қазір шетелде тұрып жатқан Атамбаев өзіне қазіргі мемлекет басшысы таққан кінәларды жоққа шығарды. Атамбаев энергетикалық дағдарысқа мен кінәлі емеспін, бұл – Жапаровтың және оның майнинг-фермалармен және қолы таза емес адамдармен байланысы бар бағыныштылары қабылдаған шешімдердің салдары деп мәлімдеді. Атамбаев өзі билікте болған кезде ірі жобалар іске асырылғанын айтты.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстанды 2011 жылдан 2017 жылға дейін басқарды. 2019 жылы ол Бішкек маңындағы Қой-Таш ауылындағы өз үйінде ұсталған. Оны ұстау операциясы барысында арнаулы жасақтың бір офицері қаза тауып, 175 адам зардап шеккен. Бірінші мамыр аудандық соты оны 2022 жылы ақтады.

Атамбаев 2023 жылғы 14 ақпанда түрмеден босатылып, 15 ақпанда Испанияға емделуге кеткен. Сол кеткеннен Қырғызстанға оралған жоқ.

Алмазбек Атамбаев өзін атақ-марапаттарынан айыру туралы президент жарлығы жөнінде әзірге пікір білдірген жоқ.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России