Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев халықаралық дауларда араағайын болуға ниеті жоғын айтты

0

Turkistan газетіне берген сұхбатында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылға жоспарланған сыртқы саяси сапарларының тығыз кестесіне қатысты қойылған сұраққа жауап берді. Журналист Қазақстан Президентін ірі халықаралық қақтығыстарда делдал ретінде тартуы мүмкін деген болжам айтты.

Мемлекет басшысының сөзінше, "сыртқы саясатқа қатысты жоғары деңгейдегі іс-шаралардың көптігі Қазақстанның абырой-беделі өсіп, халықаралық құқық субъектісі ретіндегі рөлі арта түскенін көрсетеді".

"Қазақстан Еуразия кіндігінде орналасқан ел ретінде, әсіресе, қазіргі алмағайып заманда түрлі үдерістен сырт қалмауы керек", – деді Тоқаев.

Оның пікірінше, "әрбір келіссөзде экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа, әлемдік аренадағы қарым-қатынасқа қатысты маңызды мәселелер көтеріледі".

"Халықаралық дау-дамайларда араағайын болатын ешқандай ойым жоқ, сондай-ақ, бірқатар елдердің ұсыныс-пікіріне қарамастан, БҰҰ-дағы жұмысқа қайта оралатын ниетім де жоқ. Бірақ, жабық кеңестер мен пікірталастарға қатысамын, оның үстіне бірқатар мемлекет басшылары менің пікірімді білгісі келеді. Мен үшін осы маңызды жұмысты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаудың еш қажеттігі жоқ, себебі популизмнен аулақпын. Бұл ұстанымым жабық кеңестерге қатысушылар үшін де маңызды болса керек", – деген Тоқаев.

Қазақстанды 30 жылға жуық уақыт басқарып, 2019 жылғы 19 сәуірде өкілеті аяқталмай жатып қызметінен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев орнына ел президенті етіп кәсіби дипломат Қасым-Жомарт Тоқаевты қалдырған. Содан бері Тоқаев екі рет өзі белгілеп, өткізген кезектен тыс сайлаудың ресми қорытындысы бойынша Қазақстан президенті болып сайланған. Алғашқысында Тоқаев 5 жыл мерзімге, ал 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан соң Конституцияға өзгерістер енгізгеннен кейін жеті жыл мерзімге қайта сайланды.

Бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрі, елдің премьер-министрі болып та істеген Тоқаев 2011 жылғы наурыздан 2013 жылғы қазан айыына дейін БҰҰ-ның Женевадағы бөлімін басқарып, бас хатшының орынбасары қызметін атқарған. 2013 жылғы 16 қазанда ол Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстанның билік иерархиясындағы президенттен кейінгі екінші лауазымға – парламент сенатының төрағасы болып сайланған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России