Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Құқық қорғаушылар Ирандағы наразылықтар кезінде 500-ден астам адам қаза тапқан дейді

0

Иранда екі аптадан астам уақыт жалғасып жатқан жаппай наразылықтар барысында қаза тапқандар саны 500 адамнан асқан. Бұл туралы Reuters агенттігі АҚШ-та орналасқан құқық қорғаушы белсенділер агентігінің (Human Rights Activist News Agency, HRANA) дерегіне сүйеніп хабарлады. Иран билігі қаза тапқандар саны жөнінде ресми дерек жариялаған жоқ, ал Reuters бұл ақпаратты тәуелсіз түрде растау мүмкін болмағанын айтып отыр.

HRANA мәліметінше, наразылықтар салдарынан 490 демонстрант пен 48 күштік құрылымдар қызметкері көз жұмған. Сонымен қатар наразылықтар барысында 10 600-ден астам адам ұсталған.

Иранның мемлекеттік телеарнасы Тегерандағы сот-медициналық сараптама ғимаратының алдында жатқан мәйіт салынған ондаған қапты көрсетті. Телеарна оларды "қарулы террористер арандатқан" оқиғалардың құрбандары деп сипаттаған.

Бірқатар ауруханалардың қызметкерлері жараланғандар мен қаза болғандар көп екенін айтып жатыр. Медицина мекемелеріне адам көп түсіп, дәрігерлердің жұмысы қиындап жатқанын өзге дереккөздер де хабарлады. BBC арнасына екі аурухананың дәрігерлері екі күн ішінде оларға 100-ден астам мәйіт жеткізілгенін айтқан. Осы арнаның Парсы қызметі жұма күні кешке Рашт қаласындағы бір ауруханаға қаза болған 70 адам жеткізілгенін растады. Ал Тегерандағы ауруханалардың бірінің медицина қызметкері 38 адам қайтыс болған деп хабарлаған.

Иранның соңғы шахы Мұхаммед Реза Пехлевидің ұлы, қазір АҚШ-та тұратын Реза Пехлеви Fox телеарнасына берген сұхбатында кейінгі екі күнде Иранда 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-тағы терактілер құрбандарынан (шамамен 3 мың адам қаза тапқан) да көп адам қаза тапқан деп мәлімдеді.

Алайда бұл мәлімдемелердің нақтылығын тексеру мүмкін болмай отыр, себебі өткен бейсенбіден бері Иранда интернет байланысы толық дерлік өшірілген, ал халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарына ел аумағында жұмыс істеуіне мүмкіндік болмай отыр.

Ирандағы бұл жолғы жаппай наразылық былтыр 28 желтоқсанда басталған. Бағаның күрт өсуі түрткі болған шерулер кейіннен 1979 жылғы Ислам революциясынан бергі өткен уақытта елді басқарып отырған дінбасылар билігіне қарсы кең ауқымды жаппай наразылықтарға ұласты.

Иран билігі "тәртіпсіздіктерді қоздырды" деп АҚШ пен Израильді айыптады. Иран президенті Масуд Пезешкиан елдің дұшпандары "мешіттерді өртеп, банктер мен мемлекеттік мүлікке шабуыл жасайтын террористерді" тартқан деп мәлімдеді.

Reuters агенттігі америкалық ресми тұлғаның сөзіне сүйеніп, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты қандай шаралар қолдануға болатынын талқылау үшін кеңесшілерімен кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұған дейін The Wall Street Journal басылымы қарастырылып жатқан нұсқалар қатарында әскери шабуылдар, кибершабуылдар, санкцияларды кеңейту және үкіметке қарсы онлайн-ресурстарды қолдау барын жазған. Израильдік дереккөздер де АҚШ Ирандағы жағдайға араласуы мүмкін бе деген мәселе сөз болып жатқан шақта елдегі дайындық деңгейі күшейтілгенін мәлімдеген.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России