Қазақстанның FIFA Series турниріндегі қарсыластары анықталды. Матчтар Астанада өтеді
Қазақстанда биыл FIFA Series-2026 турнирінің бір тобы ойнайды. Бүгін, 19 қаңтарда FIFA Қазақстанға келетін құрамалардың тізімін жариялады. Бұл турнирде Қазақстан Африкадағы Комор аралдары және Намибия елдерімен, Азиядағы Кувейт елімен бір топта ойнайды. Жарыс 23-31 наурызда Астанада өтеді.
FIFA Series – әр құрлықтағы елдер жолдастық матч ретінде ойнайтын турнир. 48 елдің құрамасы 12 топқа бөлініп, жолдастық кездесу өткізеді.
Биылғы турнирдің бір тобы Өзбекстанда ойнайды. Өзбекстанға Габон, Тринидад және Тобого, Венесуэла келеді.
FIFA Series-2026 турнирінде ойнайтын елдердің толық тізімі:
Ерлер турнирі
Қазақстан: Комор аралдары, Қазақстан, Кувейт, НамибияӨзбекстан: Габон, Тринидад және Тобого, Өзбекстан, ВенесуэлаӘзербайжан: Әзербайжан, Оман, Сьерра-Леоне, Сент-ЛуисИндонезия: Болгария, Индонезия, Соломон аралдары, Сент-Китс және Невис аралдарыРуанда: Эстония, Гренада, Кения, РуандаРуанда: Аруба, Лихтенштейн, Макао, ТанзанияПуэрто-Рико: Америкалық Самоа, Гуам, Пуэрто-Рико, АҚШ Виргин аралдарыАвстралия: Австралия, Камерун, Қытай, КюрасаоЖаңа Зеландия: Кабо-Верде, Чили, Финляндия, Жаңа ЗеландияӘйелдер турнирі
Таиланд: Конго ДР, Непал, Мұхит аймағынан бір ел, ТаиландКот-Д’Ивуар: Кот-Д’Ивуар, Мавритания, Пәкістан, Mauritania, Pakistan, Теркс және Кайкос аралдарыБразилия:Бразилия, Канада, Оңтүстік Корея, Замбия
