Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қызылордада Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды

0

20 қаңтар, сейсенбі күні Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы басталды. Жиынға оның төрағасы – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.

Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган саналатын құрылтай құрамында жиынтығы 117 адам бар.

Қызылордада өтіп жатқан жиында елде парламент құрылымын өзгерту, ол үшін Конституцияға тиісті өзгертулер енгізу жайы талқыланбақ. Одан бөлек Қазақстанның даму бағыттары, әлеуметтік-экономикалық мәселелер мен өзге де тақырыптар сөз болады.

Осының қарсаңында Ақордада парламентті реформалау жөніндегі жұмыс тобының отырысында Тоқаев ел Конституциясына түзетулер енгізілетінін меңзеп, "заң шығарушы билік тармағын жүйелі түрде қайта форматтау қажет" екенін айтқан.

"Парламент реформасын жүзеге асыру үшін Конституцияның бірден бірнеше бөлімін қайта қарау қажет болады. Сондықтан Ата заңымызға осыған дейін енгізілген өзгертулерді ескерсек, жұмыс тобы ұсынып отырған түзетулер жобасы Қазақстанның шын мәнінде жаңа Конституциясы туралы айтуға мүмкіндік береді" деді президент 19 қаңтардағы жиында.

Билік халықтан парламент реформасы жөнінде 1600 ұсыныс түскенін айтты.

Қазақстан президенті бір палаталы парламентке көшу туралы идеяны былтыр 8 қыркүйекте халыққа жолдау жасаған кезде жария етіп, заң шығарушы органды тек партиялар тізімі бойынша сайлауды ұсынған. Билік ұсыныстарды талқылағаннан кейін жалпыхалықтық референумға шығаруды жоспарлаған.

16 қаңтарда Алматыда бір топ қоғам белсендісі парламент реформасын талқылап, биліктің кейбір ұсынысына қарсы шыққан. Олар парламент қалыптастыруда мажоритарлық жүйенің үлесін 70 пайызға дейін арттырып, партия тізімі бойынша сайланатын депутат санын 30 пайызбен шектеу қажет екенін ұсынған.

2022 жылғы Қаңтар көтерілісінен кейін биліктің бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатыр. Бұған дейінгі жылдары Ұлытау, Түркістан, Атырау мен Бурабайда өткен.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России