Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Январь
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру жөнінде жарлыққа қол қойды

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл комиссия құрылатыны жайлы Тоқаев 20 қаңтардағы Ұлттық құрылтайда айтқан.

Комиссияның 100-ден астам мүшесі болады. "Құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, белгілі заңгерлер, ақпарат құралдары басшылары, аймақтық мәслихат төрағалары мен қоғамдық кеңес өкілдері және басқа да білікті мамандар кіреді" деген еді Тоқаев. Бұл жұмысқа Конституциялық соттың төрағасы жетекшілік етеді.
Президент "комиссия Конституцияға өзгерістер мен парламент реформасына қатысты барлық ұсынысты сараптап, қорытып, нақты өзгерістердің жобасын әзірлейтінін" айтқан. Сол жоба әзірленген соң жалпыхалықтық референдум өтетін уақыт белгіленеді.
Жарлыққа қоса бекітілген құжатта аталған комиссия құрамына мүше тұлғалардың тізімі де берілген. Тізімде ондаған адамның аты-жөні бар. Арасында бұрынғы омбудсмен, Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова, мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, ақпарат министрі Аида Балаева, сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов, мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов, Жанарбек Әшімжан, Елнұр Бейсенбаев, "Әділ сөз" қорының жетекшісі Қарлығаш Жаманқұлова бар. Бұған қоса, President" тележобасын жүргізуші, журналист Әділ Балтабаев, президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, омбудсмен Артур Ластаев бар.
Қазақстанда осы тәрізді комиссиялар бұрын да болған. Мемлекет тәуелсіздігін жариялағаннан кейін екі рет – 1993 жылғы 28 қаңтарда және 1995 жылғы 30 тамызда – жаңа Конституция қабылдаған. Конституция қабылдамас бұрын арнайы комиссия құрылып, Негізгі заңның жаңа жобасын әзірлеген. Одан кейін 2017 және 2022 жылдары да Конституцияға түзетулер енгізілер кезде комиссиялар құрылған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России