Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Өзбекстан экстрадициясын талап еткен қарақалпақ белсендісі Жұманиязов та Қазақстаннан кетті

0

Өзбекстан экстрадициясын талап еткен қарақалпақ белсендісі Расул Жұманиязов Қазақстаннан Батыс елдерінің біріне кетті. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары бюросы хабарлады.

Бюроның ақпаратынша, Жұманиязов Батыс елдерінің бірімен келісімнің арқасында Қазақстаннан шығып кеткен.

Өзбекстанда іздеу жариялануына байланысты Жұманиязов 2024 жылы наурызда Астанада ұсталған. Ол бір жыл қамауда отырып, 2025 жылы наурызда босап шықты. Ол Өзбекстанда арнайы қызметтің қудалауына байланысты Қазақстанға 2022 жылы наурызда өткен. Түркімендік Хельсинки қорының хабарлауынша, Өзбекстанда оған "қоғамдық тәртіп пен қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін материалдарды әзірлеу, сақтау, тарату және көрсету" бабы бойынша айып тағылған.

Расул Жұманиязов – Өзбекстаннан Қазақстанға қашқан қарақалпақ белсенділердің соңғысы. Бұған дейін Жангелді Жақсымбетов, Зиуар Мирманбетова, Раиса Құдайбергенова, Тілеубике Юлдашева Қазақстаннан АҚШ-қа кеткен. Тағы бір белсенді Қошқарбай Төремұратовқа Польша босқын мәртебесін берген. Тағы бір белсенді Ақылбек Мұратбай да Қазақстаннан кеткен. Бұл белсенділердің бәрі Қазақстаннан босқын мәртебесін сұрап, ала алмаған.

2022 жылы Өзбекстан билігі референдумға шығаруға ұсынған Конституцияның жаңа жобасында Қарақалпақстанның егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығы туралы баптардың болмауы Қарақалпақстанда елдің наразылығын туғызды. Мұның соңы қақтығысқа ұласып, ресми дерек бойынша 21 адам өліп, 200-ден астам адам жараланған. Құқық қорғаушылар бұдан да көп адам өлген болуы мүмкін деп санайды.Көтеріліс Қарақалпақ астанасы - Нөкісте басталғандықтан, ол "Нөкіс оқиғасы" аталып кетті. Наразылықтан кейін Ташкент халық пікірін ескеретінін айтып, даулы өзгерістерден бас тартқан. Бірақ құқық қорғаушылар қарсылық білдірген қарақалпақ белсенділерін жазалап, қудалауды күшейткенін айтқан. Қазақстанда Өзбекстан өтінішімен қарақалпақ белсенділері ұстала бастады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России