Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Роскомнадзор ҚазТАГ агенттігі сайтын бұғаттауды талап еткен

0

Ресейдің байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласын қадағалайтын федералдық қызметі (Роскомнадзор) қазақстандық ҚазТАГ агенттігі сайтын бұғаттауды талап еткен. Бұл талап агенттік бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасеновке қатысты қылмыстық іс туралы жарияланған материалдарға байланысты қойылды деп жазды ҚазТАГ.

ҚазТАГ мәліметінше, Роскомнадзор талабына 2026 жылғы 20 қаңтарда Мәскеу қалалық соты қабылдаған шешім негіз болған. Ресей тарабы ҚазТАГ басшылығы, олардың адвокаттары және Freedom Finance салымшылары қатысқан баспасөз жиындарынан түсірілген видеолар мен көпшілік алдындағы мәлімдемелерді және өзге материалдарды авторлық құқықты бұзу деп бағалаған.

Роскомнадзор талабы ҚазТАГ сайты орналасқан серверлерді қамтамасыз ететін қазақстандық хостинг-провайдерге — "PS интернет компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жіберілген. Компания өкілдері ресейліктердің талабына қарамастан агентік сайтын бұғаттамағанын айтқан.

ҚазТАГ Ресейдегі сот процесі жөнінде алдын ала хабардар етілмегенін жазған. Агенттік ол жайында 3-4 ақпан күндері сайттың уақытша ашылмай қалуының себебін бірқатар қазақстандық интернет-провайдерлерден анықтаған кезде кездейсоқ білген.

Осы жағдайға байланысты ҚазТАГ Қазақстанның бас прокуратурасына, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, әділет министрлігіне, цифрлық даму министрлігіне, мәдениет және ақпарат министрлігіне сауал жолдап, Роскомнадзордың ҚазТАГ сайтын бұғаттау талабының құқықтық негізі бар-жоғын және Қазақстанның ақпараттық егемендігін қорғау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны жөнінде түсініктеме беруді сұраған.

Бұған дейін ҚазТАГ 4 желтоқсанда таңертең агенттік сайты "Қазақтелеком", "Транстелеком", Beeline, Activ және Tele2 провайдерлерінен ашылмай тұрғанын хабарлаған.

Былтыр желтоқсанның басында ҚазТАГ ақпарат агенттігінің бас директоры Әсет Матаев пен бас редакторы Әмір Қасенов "көрінеу жалған ақпарат таратты" деген күдікке ілінген. Желтоқсанның аяғында Қасенов үйқамаққа алынғаны белгілі болды.

Ақпарат агенттігінің үстінен Freedom Finance компаниясы арыз түсірген. Ақпарат агенттігі бұған дейін осы компаниядағы "алаяқтық схемалардан зардап шеккендер" жайлы деп бірнеше мақала мен видео жариялаған. ҚазТАГ басшылығы бұл қылмыстық істі сөз еркіндігін шектеу әрекеті деп атаған.

9 желтоқсанда Freedom Finance иесі, Ресейден шыққан, кейін Қазақстан азаматтығын алған миллиардер Тимур Турлов (Forbes журналы байлығын $5,8 млрд деп бағалаған) ҚазТАГ агенттігінің компанияның "алаяқтығы" туралы "біржақты 12 материал жариялауы" "жала жабу мен қоғам пікірін бұрмалауға бағытталған арнайы кампанияның" бір бөлігі болуы мүмкін деп мәлімдеген еді. Ол компания заң аясында өз ұстанымын қорғауға және мұның жала екендігін дәлелдеуге де дайын деген.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России