Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Бектенов үкімет халықтың нақты табысы өсуіне басымдық беретінін айтты

0

10 ақпан күні Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Оған үкімет мүшелері, орталық мемлекеттік органдар жетекшілері мен аймақ жетекшілері қатысып отыр.

Былтырғы жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылаған премьер-министр Олжас Бектенов үкімет экономиканың орнықты өсімін сақтап қалуға қол жеткізді деп мәлімдеді.

"Салық, тариф және бюджет саясатында, цифрлық және құрылыс секторларында, сондай-ақ әлеуметтік салада қабылданған шешімдер экономиканы дамытуға тосқауыл болып отырған құрылымдық диспропорцияларды жоюға бағытталды. Салық және бюджет реформасы Ұлттық қордан нысаналы трансферттерді алмай-ақ, еліміздің үш жылдық бюджетін қалыптастыруға мүмкіндік берді" деген премьердің сөзін келтірген мемлекеттік басылым.

Бектенов салық және бюджет реформасы 2028 жылға қарай бюджет тапшылығын жалпы ішкі өнімнің 0,9%-на дейін қысқартуға ықпал етеді деп мәлімдеген.

Қазақстанда биылғы жылдан бастап қосылған құн салығы көтерілген. Бұл шағын бизнеске кері әсер етеді деген сын-пікірлер былтыр заңға өзгертулер енгізілмей тұрып айтылғанымен үкімет оларды қабылдамаған. Биыл 20 қаңтарда Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайда президент Тоқаев "салық кодексі — қасиетті кітап емес" деп, оған өзгеріс енгізуге болатынын айтқан.

Астанадағы кеңейтілген отырыста Бектенов былтыр елде 200-ден астам жаңа өндіріс орны іске қосылғанын, тағы сонша нысанның құрылысы аяқталуға жақын қалғанын айтты. "Екі жаңа автозауыт биыл автокөлік өндірісін жылына 170 мыңнан 360 мыңға дейін, яғни екі есе арттыруға мүмкіндік береді", деді үкімет жетекшісі.

"Алдағы үш жыл ішінде Ислам даму банкі қаражатын тарту есебінен жаңа өндірістік нысандарға қажетті инфрақұрылым салуға бірден 1 трлн теңге көлемінде инвестициялар тартылатын болады", - деген Бектенов.

Сонымен бірге премьер-министр үкімет елдің инфрақұрылымын жаңғырту және ірі өнеркәсіптік жобаларды жүзеге асыруға басымдық беріп, "шамамен 4,5 миллион адам, яғни экономикалық белсенді халықтың тең жартысы еңбек ететін шағын және орта бизнесті қолдауға көңіл бөлу жағын бәсеңдетіп алғанын" мойындаған.

Премьер-министр елде жалақының өсу қарқыны бизнес табысының, оның ішінде өз күшімен әрі мемлекеттік қолдау есебінен алынған табыс динамикасынан артта қалып отырғанын айтты. "Еңбекақының жалпы ішкі өнімдегі үлесінің көрсеткіші шамамен 30 пайыздан асады, бұл – Орталық Азияда жоғары көрсеткіш. Бірақ біздің мақсатымыз – әлемдік орташа көрсеткішке – 40 пайызға жеткізу" деген Бектенов үкімет халықтың нақты табысының өсуіне басымдық беретін болады деп мәлімдеді. Оның сөзінше, бұл мақсатта еңбекақыны көтеруді, лайықты жалақы төлейтін жұмыс орындарын көбейтуді, азаматтарға түсетін қаржы салмағын азайтуды көздейтін қаржы, салық және басқа да ынталандыру шаралары қарастырылмақ.

Қазақстанда азық-түлік пен қызметтер бағасы, бұған дейінгі болжамдарда айтылғандай, табыстың төмендеуімен қатар өсіп жатыр. Кейбір есептеулер бойынша, халықтың жан басына шаққандағы нақты табысы 3,4 пайыз қысқарған. Қазақстандықтар табысының 52,3 пайызын азық-түлікке жұмсайды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России