Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Қырғыз президенті Жапаров вице-премьер әрі қауіпсіздік қызметі басшысы Қамшыбек Ташиевті орнынан алды

0

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қамшыбек Ташиевті ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің (ҰҚМК) төрағасы және үкімет төрағасының орынбасары қызметінен босатты. Жапаров бұл т уралы жарлыққа 10 ақпанда қол қойғанын президент әкімшілігі хабарлады.

Құжатта Ташиевті қызметтен босатудың нақты себептері көрсетілмеген. Сонымен бірге Конституция нормасына сілтеме жасалып, оған сәйкес президент министрлер кабинеті мүшелерін және атқарушы билік органдары басшыларын өз бастамасымен немесе Жогорку Кеңеш пен Халық құрылтайының ұсыныстарын ескере отырып қызметтен босата алатыны айтылған.

Президенттің келесі бір жарлығымен Жұмғалбек Шабданбеков ҰҚМК төрағасы міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды. Оның кандидатурасы келісу үшін Жогорку Кеңешке енгізілген.

Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов журналистер сауалына жазбаша жауап беріп, Садыр Жапаров бұл шешімді "мемлекет мүддесі үшін, қоғамда, соның ішінде мемлекеттік құрылымдар арасында алауыздыққа жол бермеу және бірлікті нығайту мақсатында" қабылдағанын жеткізді.

Қамшыбек Ташиев ҰҚМК төрағасы қызметін 2020 жылғы 16 қазаннан бері атқарып келді. Ол президенттің ең жақын серіктерінің бірі және елдегі ықпалды саяси тұлға саналды. Оның басшылығы кезінде түрлі қылмыстық істер аясында бірқатар оппозициялық саясаткерлер, кәсіпкерлер мен журналистер ұсталған. Билік бұл әрекеттерді "тәртіп орнату" және "тұрақсыздықтың алдын алу" шаралары деп сипаттаған.

Өткен аптада әлеуметтік желілерде, кейін саяси ортада Қырғызстанда мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу мүмкіндігі талқылана бастаған. Президентке мұндай сайлау өткізу жөнінде ұсыныс айтылған үндеуге саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, бұрынғы депутаттар мен экс-премьер-министрлер қол қойған. Президент әкімшілігі бұл үндеуге әзірге жауап берген жоқ.

Қамшыбек Ташиев бұл талқылауларға тікелей қатысқан жоқ және өзінің қызметтен алынуына байланысты әзірге түсініктеме бермеді. Бейресми мәліметтерге сәйкес, ол қазір шетелде болуы мүмкін.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России