Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Шорт-трекшілерге Канада, Қытай, Корея сынды елдермен бәсекелесу қиын болып тұр

0

Миландағы олимпиадада шорт-трек жарысы басталды. Қазақстан құрамасы аралас эстафетада жартылай финалға шыға алмады. Құрама мүшесі Абзал Әжғалиев әлемде бәсеке өсіп жатқанын, Қазақстан командасына ішкі бәсеке керегін айтады.

АРАЛАС ЭСТАФЕТАДАҒЫ СӘТСІЗДІКАралас эстафетаға іріктеуден өткен 12 ел қатысып, Қазақстан құрамасы (Абзал Әжғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова) ширек финалда Канада, Қытай, Бельгиямен бір топта сынға түсті. Төреші старт белгісін берген сәтте Канада алға суырылып шыққан. Одан кейін Қытай мен Бельгия кетті. Қазақстан сөреден төртінші болып шығып, қарсыластарын қуып жете алмады.

"Біздің құраманың аралас эстафетадағы нәтижесі енді-енді жақсарып келеді. Әлемнің талай елдері аралас эстафетада жолдама ала алмай қалды. Біз аралас эстафетада олимпиадаға берілетін 12 лицензияның бірін иелендік. Алда нәтиже жақсарады деп сенемін" деді құрама мүшесі Абзал Әжғалиев.

3000 метр аралас эстафетада алтынды Италия, күмісті Канада, қоланы Бельгия иеленді. Италия құрамасының мүшесі 35 жастағы Арианна Фонтана қатарынан алты олимпиада медаль алды. Ол – мұндай жетістікке жеткен алғашқы әйел спортшы. Фонтана 2006 жылы Италияның Турин қаласында өткен олимпиадада әйелдер арасындағы эстафетада қола медаль алған, енді Миланда аралас эстафета алтын иеленді. Бұл спортшыда олимпиаданың 12 медалі бар.

"КОМАНДАНЫҢ ІШІНДЕ БӘСЕКЕ БОЛМАСА ҚИЫНДАУ"

Миландағы олимпиадада Қазақстан спортшылары жекелей сынның да іріктеуіне қатысты. Ерлер арасында 1000 метрге жүгіруде Денис Никиша, 500 метрде Яна Хан мен Ольга Тихонова іріктеуден өте алмады. Яна Хан жарыс жолында құлап қалды.

Биылғы қысқы маусымда Қазақстан шорт-трек құрамасының нәтижесі 2024-2025 жылмен салыстырғанда төмен. Мәселен, 2023/2024 жылғы қысқы маусымда Қазақстан әлем кубогының кезеңдерінде бір күміс, екі қола алса, 2024/2025 жылғы маусымда әлем кубогы кезеңдерінде екі қола медаль иеленген. Никиша 2024, 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль алған еді. Ал биылғы әлем кубогы кезеңдерінде Қазақстан шорт-трекшілері жүлде ала алмады.

Бұған қоса, Қазақстан ерлер құрамасы 5000 метр эстафета жарысында, ерлер арасындағы 1500 метрлік жекелей жарыста олимпиадаға жолдама иелене алмай қалды.

Қазақстан шорт-тректен 2014, 2018, 2022 жылдары қатарынан үш олимпиада 5000 метрлік эстафетаға қатысқан еді. Сочиде финалға шығып, бесінші орын иеленген. Бұл жолы ерлер құрамасы лицензия берілетін ТОП-8 құрама қатарына енбеді.

"Қазір байқасаңыз, бұрын шорт-тректе Оңтүстік Корея, Қытай, Канада басым болатын. Қазір Еуропа елдері де өсті. Бәсеке жоғарылады. Кейде жарыста тактикалық қате жіберсең, жоламадан айырыласың. Ерлер арасындағы эстафетаға сегіз жолдама, аралас эстафетаға 12 жолдама береді. Аралас эстафетадан квота бұйырда. Біздің ерлер құрамасы ТОП-10 елдің қатарына кіреді, бірақ сегіздікке ену үшін бәсеке жоғары болды" дейді Абзал.

5000 метр эстафетаға Канада, Нидерланд Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Венгрия, Италия, Жапония қатысады. Миланда шорт-тректен де негізгі жүлделерді осы елдер сарапқа салады деген болжам бар.

Әжғалиев бұл елдермен бәсекелесу үшін елдің өз ішінде бәсеке болуы керек деп санайды.

"Канада, АҚШ, Қытайда бәсеке өте жоғары. Бізде бір қашықтықта екі, ұзаса үш адам бар. Бұл ештеңе өзгертпейді. Мен құрамада бәсеке болса қуанамын. Себебі командада бәсеке болмаса нәтиже түседі. Үлкен командаларда бәсеке жоғары, демек нәтиже де жоғары. Сондықтан ішкі бәсеке болмаса қиындау" деді ол.

Дегенмен Әжғалиев олимпиада аяқталмағанын, 16 ақпандағы 500 метрлік жарыста барларын салатынын айтады. Милан олимпиадасында 500 метрде Денис Никиша да жүлдеге таласады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России