Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Алматыда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алды

0

11 ақпанда Алматыда саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алу шарасы өтті. Шараны отбасы ұйымдастырды. Оған саясаткердің әріптестері, достары мен қоғам қайраткерлері, белсенділер қатысты.

Мемлекет және қоғам қайраткері Төлеген Жүкеев саясаткерге жасалған қастандықтан бері қаншама жыл өтсе де, шындық жабулы қазан жабулы күйде қалғанын айтты.

"Ең басында біз, Алтекеңнің серіктестері, бұл саяси террор деп айтқанбыз. Сол баға осы күнге дейін орнында. Ол тек режимнің қанды қылмысы емес, сол режимді басқарған адамның қанды қылмысы. Оған мүлдем опасыз, абсолютті қанышерлік деп баға беру керек. Оны басқаша айту мүмкін емес" деді ол.

Шара кезінде заңгер Маржан Аспандиярова Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктерінің өлімін әділ тергеу туралы бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жолдаған хатын оқып берді.

Жиынға келген адвокаттар тобы Гүлнар Жуасбаева, Төлеген Берліқожа, Ғалым Нұрпейісов, Жанар Балғабаева және Айнара Айдарханова сөз сөйлеп, бұл істі қайта тергеуге алуға негіз бар деді.

Ал Адам құқығын қорғау бюросының жетекшісі, құқық қорғаушы Евгений Жовтис саясаткер мен оның көмекшілеріне кім қастандық жасағанын білмейміз, бірақ оларды сипаттауға болады деді.

"Бірде бір журналист "осы қастандықтың артында кім тұр" деп сұрады. Нақты білмеймін, бірақ кім тұрса да, оған бірнеше сипат тән дедім: біріншіден, оның материалдық мүмкіндігі жеткілікті болуы керек, себебі мұндай саяси тапсырысқа мол қаражат керек. Екіншіден, оның ауқымды әкімшілік ресурсы болуы керек, себебі мұндай қылмыс үшін бір мезетте ішкі істер орган қызметкерлерін, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерін жұмылдыру аса оңай нәрсе емес. Одан бөлек, тергеудің тапсырысты берушілердің өзіне шығармау үшін де ресурс керек. Сенат аппаратының жетекшісі Өтембаевтың мұндай ресурсқа ие екендігіне күмән бар. Одан кейін, мұндай адамға қастандық жасау үшін тапсырыс берушінің моральдық жағы да өте ерекше немесе мүлде болмауы керек. Сол кезде Қазақстанда мұндай адамдарды саусақпен санауға болады деген қорытындыға келдім. Қайсысы екенін өздеріңіз таңдаңыздар" деді Евгений Жовтис.

2006 жылғы 11 ақпанда хабар-ошарсыз кеткен Алтынбек Сәрсенбайұлы, көмекшісі Бауыржан Байбосын мен жүргізушісі Василий Журавлев екі күннен кейін Алматы маңындағы таудан табылған. Үшеуі де атып өлтірілгені анықталды. Бұл қылмыстың төңірегінде жауапсыз сұрақ әлі көп.

Қастандыққа тапсырыс беруші ретінде әуелі сенат аппаратын басқарған Ержан Өтембаев айыпты деп танылды. Кейін бұл қылмыс экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеубаласы, марқұм Рахат Әлиев пен ҰҚК-нің экс-төрағасы Әлнұр Мұсаевқа таңылды.

Алтынбек Сәрсенбайұлы 1993-2001 жылдар аралығында қоғамдық келісім және ақпарат министрлігін басқарған. Кейін Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Қазақстанның Ресейдегі елшісі болды. 2003 жылы оппозицияға өтіп, билікті сынады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России