Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

"Олимпиаданың басты сенсациясы". Шайдоровтың жеңісі жайлы халықаралық басылымдар не жазды?

0

Мәнерлеп сырғанау – қысқы олимпиададағы танымал спорттың бірі. Бұл спортта олимпиада чемпионы, әлем чемпионы атанған спортшыға әлем назары ауады. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровтың Милан олимпиадасындағы жеңісі жайлы халықаралық медиа не жазып жатыр?

Халықаралық басылымдар мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы бәсекеде айқын фаворит болған Илья Малининнің (АҚШ) жеңілісі мен қысқа бағдарламадан кейін бесінші орында тұрған 21 жастағы Шайдоровтың жеңісін "шок нәтиже" деп бағалап жатыр.

Америкалық NBC News телеарнасы "олимпиаданың еркін бағдарламасы Илья Малинин үшін триумф болуы керек еді. Бірақ мәнерлеп сырғанаудан олимпиада тарихындағы мүлде күтпеген жеңіліс болды. Қазақстандық Михаил Шайдоров жұма кешкісін өміріндегі ең үздік өнерін көрсетіп, олимпиада титулын иеленді. Көп адам ерлер арасындағы бәсекеде жүлденің тағдыры шешіліп қойды деген еді, бірақ Шайдоров жағдайды асты үстіне төңкерді" деп жазды.

Ағылшын тіліндегі Slate сайты "Миландағы қысқы олимпиадада "Куадтар құдайы" аталып кеткен америкалық Илья Малининнің жеңіске жететіне ешкім күмән келтірген жоқ. Ал осы ақпанда "Михаил Шайдоров – 2026 жылғы олимпиада чемпионы" деген сөз айтылатынын ешкім күтпеді. Тіпті Шайдоровтың өзі де күтпесе керек" деді.

Америкалық Илья Малинин 2024 жылдан бері қатысқан жарыстардың барлығында жеңіске жетіп келе жатқан. Ол әлемдегі ең қиын элемент төрт айналым аксельді секіріп, тарихқа енген. Малинин негізгі бағдарламада жеті рет куад элементін (мәнерлеп сырғанауда төрт айналым элементтерді "куад" дейді) секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы ретінде де тарихты жазған. Осы жетістіктерінен соң ол Миланға олимпиада фавориті ретінде келген еді. Ал қалған мәнерлеп сырғанаушылар өзара күміс пен қолаға таласады деген болжам болған.

ВВС сайты "олимпиаданың басты фавориті болған Илья Малинин екі рет құлап, сәтсіздікке ұшырады. Барлық құрмет жаңа "Куадтардың құдайына" деп жазды.

Британиялық Guardian сайты "Шайдоров экранға нақты ұпайлар шығып, жеңісі ресми бекітілгенде басқалар сияқты таңырқай қарады. Бұл – Шайдоровтың карьерасындағы үлкен серпілісі және Қазақстан үшін маңызды жеңіс" дейді.

Америкалық NPR сайты "Шайдоров еркін бағдарламасын таза орындап, бес рет куад элементін секірді. Бүкіл арена, әсіресе Қазақстанның көк туын желбіреткен бұрыш шулап қоя берді. Шайдоровтың өзі де бірер сәт мұзда жатып қалды. Ал бас жүлдені алған - Малинин емес, басқа спортшы. Ол – қазақстандық 21 жастағы Михаил Шайдоров" деп жазды.

Reuters агенттігі "жұлдыздар бұл жолы Шайдоровтың жағында жарқырады" дейді.

Жапониялық Kyodo News агенттігі "Олимпиададағы ең үлкен сәтсіздіктен кейін қазақстандық Михаил Шайдоров алтын медальды жеңіп алды" деп жарысты қорытындылады.

Associated Press агенттігі "Илья Малининнің олимпиададағы коронациясы күте тұрады" дейді.

Франциялық l'équipe басылымы Шайдоровтың жеңісін "олимпиададағы басты сенсация" деп атады. Басылым Илья Малинин мен франциялық Адам Сяо Хим Фаның "негізгі бағдарламасын мүлде орындай алмағанын", қысқа бағдарламадан соң бесінші орында келе жатқан Сяо Хим Фа "олимпиада тұғырына көтерілетін мүмкіндікті жіберіп алғанын" жазады.

13 ақпанда Миланда мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасындағы жарыста қазақстандық Михаил Шайдоров (291,58 ұпай) чемпион атанған. Күміс пен қоланы жапониялық Юма Кагияма (280,06) мен Шун Сато (274,90) иеленді. Ал франциялық Адам Сия Хим Фа (269,27) – жетінші, Малинин (264,49) сегізінші нәтиже көрсетті.

Шайдоровтың нәтижесі жайлы мақаланы және жарыстан кейінгі сұхбатын мына сілтемеден оқи аласыз.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России