Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28

Самоделкина "олимпиадаға қатысуға мүмкіндік берген" Қазақстанға алғыс айтады

0

Италиядағы олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасындағы жарыстың қысқа бағдарламасынан кейін қазақстандық София Самоделкина 12-орында келеді. Олимпиада кезінде журналистер спортшыдан нәтижесі жайлы ғана емес Ресейден Қазақстанға ауысуы мен АҚШ-тағы жаттығу туралы сұрады.

"МІНСІЗ СЫРҒАНАУ"

София Самоделкина қысқа бағдарламада 68,47 ұпай иеленді. Бұл – оның биылғы маусымдағы жарыстарда алған ең жоғарғы ұпайы.

Музыка аяқталған бетте Самоделкина бағдарламасын таза сырғанап шыққанына қуанды. Аренаға жиналған көрермен спортшының өнеріне қол соғып, бапкері Рафаэль Арутюнян да қошемет көрсетті. Ал төрешілердің ұпайы шыққан сәтте Арутюнян басын шайқап, ұпаймен келіспегені байқалды. Дегенмен Самоделкина сырғанауына көңілі толатынын айтады.

– Бұл – менің өмір бойы жасап келе жатқан еңбегім. Менің ойымша, бапкерімнің ойынша мінсіз сырғанап шықтым. Егер бапкерім Рафаэль Арутюнян "мінсіз сырғанап шықтың" десе, демек бұл шынымен мақтауға тұрарлық сырғанау. Өте ризамын, көңілім толды. Бір деммен сырғанап шықтым. Қобалжу болмады. Қобалжымай бүкіл дайындығымды көрсеткім келді. Аренадан Қазақстанның туын ұстаған жанкүйерлерді көргенде, олимпиада шығыршықтарын көргенде тіпті шабыттанып кеттім, – деді спортшы.

Ресейде туып, кейін Қазақстан құрамасында ауысқан Самоделкина бірінші орында тұрған жапониялық Ами Накаидан он ұпай қалып тұр.

Самоделкина қысқа бағдарламада екі айналым аксель, үш айналым лутц және үш айналым флип+үш айналым тулуп каскадын секірді. Төрешілер қазақстандық спортшының секіру элементтеріне жоғары ұпай бергенімен, мұздағы қадамдары (Step Sequence) мен мұздағы айналымдарына (spin) үшінші деңгей қойды. Әдетте бұл элементтерде төртінші деңгей жоғары саналады.

Самоделкина 19 ақпандағы негізгі бағдарламада таза сырғанап шығу үшін барын салмақ.

Қысқа бағдарламада жапониялық Ами Накаи ең қиын элементтің бірі үш айналым аксельді (Әйелдер үшін қиын элементтің бірі саналады. Миландағы қысқа бағдарламада бұл элементті 29 спортшының ішінен екі мәнерлеп сырғанаушы ғана секірді.) таза секіріп, 78,71 ұпаймен бірінші орында келеді. Екінші орында 2022-2024 жылдардың арасында әлем чемпионы болған жапониялық Каори Сакамото тұр – 77,23. Үшінші орында – былтырғы әлем чемпионы Алиса Лю (АҚШ) – 76,59 ұпай. Лю үш айналым лутцты толық секірмегені үшін ұпайы кемді. Бейтарап атлет ретінде қатысып жатқан ресейлік Аделия Петросян 72,89 ұпаймен бесінші орында тұр.

Жүлдегерлер негізгі бағдарламадан соң анықталады.

"ҚАЗАҚСТАН БОЛАМАҒАНДА ОСЫ ЖЕРДЕ ТҰРМАС ЕДІМ"

Самоделкина олимпиада ойындарына АҚШ-та дайындалды. Бапкері Рафаэль Арутюнянның базасы АҚШ-та. Ол 2022 жылғы олимпиада чемпионы Натан Чэннің (АҚШ) бапкері болған. Қазір Арутюнян үш дүркін әлем чемпионы, Миландағы олимпиадада командалық жарыста алтын алған Илья Малининді (АҚШ) де жаттықтырады.

– Дайындықты Қазақстанда бастадым. Кейін олимпиадаға таман АҚШ-қа барып, бапкерім Рафаэль Арутюнянмен дайындалдым, - деді ол.

Олимпиадада Норвегиядан келген телеарнаның бірі Самоделкинадан не үшін Ресейден Қазақстанға ауысқанын сұрады. Спортшы бұл сұраққа "толық жауап бергісі келмейтінін" айтып, "екі жыл болды Қазақстан атынан жарысқа қатысып жүрмін. Бұл – менің елім. Қазақстанға осы олимпиадаға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз" деп қысқа қайырды. Кейін журналистердің екінші тобына берген сұхбатында "Қазақстан боламағанда олимпиадаға қатыса алмас едім" деді.

Самоделкина Ресейде туған. 2023 жылы Қазақстан азаматтығын алғанда Ресей басылымдары спортшының Қазақстанға кеткені жайлы көп жазып, екі елде бұл үлкен талқы тудырған. Ресейдің сайттары Самоделкина Қазақстанға ауысу үшін Ресей мәнерлеп сырғанау федерациясынан рұқсат алмады деген.

Ал Қазақстан коньки одағы Азаттыққа "Біз Ресейден не басқа елден мәнерлеп сырғанаушы сұраған жоқпыз. Азаматтықты спорттан бөлек басқа жолдармен алуға болады ғой. Оның анасы Қазақстанда туған, сол арқылы азаматтық алған сияқты" деп мәлімдеген.

Дегенмен Самоделкина 2024 жылдан бастап Қазақстан атынан халықаралық жарыстарға қатыса бастады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России