Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24
25
26
27
28

Сот "Уральская неделя" басылымына оқырманға референдум жайлы сұрақ қойғаны үшін айыппұл салды

0

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қалалық соты "Уральская неделя" газетіне "Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзғаны" үшін 129 750 теңге (259 доллар) көлемінде айыппұл салды.

Іс материалдарында Қазақстан президенті референдум 15 наурызға белгіленетінін жариялаған күні басылымның Telegram-арнасында жарияланған жазбаның соңында "Референдумға барасыз ба?" деген сұрақ берілгені айтылған. Сол күні кешке бас редактор Тамара Еслямованың үйіне екі прокурор мен бір полиция қызметкері барған. Кейін оны Батыс Қазақстан облысы прокуратурасына шақыртып, сонан соң істі әкімшілік сот қараған.

Басылымның мүддесін қорғаған MediaQoldau заң қызметі сот шешіміне келіспейтіні жайлы апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Сонымен қатар, осындай жағдайлардың қайталануына байланысты ұйым Конституциялық сотқа жүгінбекші.

2024 жылғы қазан айында Тамара Еслямоваға атом электр станциясын салу жөніндегі референдум қарсаңында қоғамдық пікір сауалнамасын өткізу тәртібін бұзды деп айыппұл салынған. Еслямова тағылған айыпты жоққа шығарған.

Қазақстанның "Сайлау туралы" конституциялық заңында "қоғамдық пікірге сауалнаманы кемінде бес жылдық тәжірибесі бар, тіркелген заңды тұлғалар жүргізе алады және бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етуге тиіс" деп жазылған.

"Алайда әлеуметтік желі сторисіндегі сұрақтарды немесе көшедегі тұрғындардан алынған пікірлерді қоғамдық пікір сауалнамасына теңестіріп бұл талаптарды журналистерге қолдану дұрыс емес. Журналист жұмысының ерекшелігі мен табиғатын ескерсек, мұндай жанрлар сауалнама бола алмайды", – деп есептейді "Құқықтық медиа орталық" қоры өкілдері.

Өткен аптада Алматы қаласының әкімшілік соты да Азаттық тілшісі Мақпал Мұқанқызына референдум тақырыбында "қоғамдық сауалнама өткізді" деп айыппұл салған. Журналисті әлеуметтік желідегі жеке парақшасына Конституция жобасы туралы референдумға байланысты "Референдумға барасыз ба?" деген сұрақ жариялағаны үшін әкімшілік жауапқа тартқан. Мақпал Мұқанқызы сот шешіміне келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России