Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026

БҚО-да тәуелсіз байқаушылар ұйымына айыппұл салынды

0

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Жария" тәуелсіз байқаушылар бірлестігіне "сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізгені үшін" (Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 120-бап 3-бөлігі) 65 мың теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде бірлестіктің жетекшісі Бекнұр Сыражанов Азаттыққа хабарлады.

Оның сөзінше, қаулыға 20 ақпанда Facebook желісінде Jaria парақшасында жарияланған "15 наурыз күнгі референдумды бақылау керек пе?" деген "тақырыпта жариялаған сауалнамасы түрткі болған". Сауалнамаға 16 адам қатысқан деп жазылған прокуратура қаулысында.

"Референдум туралы заңға сәйкес, заңсыз сауалнама жүргізуге болмайтынын білеміз. Бірақ мен тек бақылаушыларды білу үшін сұрадым деп айттым. Желіде бақылаушы болғысы келетін бар шығар. Референдумға [бақылауға] қатысқысы келетіндер, өзінің үлесін қосқысы келетіндер бар шығар деп. Болғысы келетіндер боламын деп жауап береді, болғысы келмейтіндер бола алмаймын деп жауап береді. Бірақ үлес қосқысы келеді, бірақ басқалай көмектескісі келетіндер бар ғой" деді Бекнұр Сыражанов.

Ол бастапқыда "қаулымен келіспеймін" деп жазып бергенін, бірақ соттың әділ өтетіндігінен үміт болмағандықтан ақыры қаулымен келісіп, 65 мың теңге төлеуге міндеттелгенін айтты.

Қазақстанда бұған дейін де "қоғамдық сауалнама жүргізу ережесін бұзғаны үшін" бірқатар жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынған. Бұған дейін Орал қалалық соты "Уральская неделя" газетіне "Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауалнама жүргізу талаптарын бұзғаны" үшін 129 750 теңге (259 доллар) көлемінде айыппұл салған.

Қазақстанның "Сайлау туралы" конституциялық заңында "қоғамдық пікірге сауалнаманы кемінде бес жылдық тәжірибесі бар, тіркелген заңды тұлғалар жүргізе алады және бұл туралы Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде алдын ала хабардар етуге тиіс" деп жазылған.

"Алайда әлеуметтік желі сторисіндегі сұрақтарды немесе көшедегі тұрғындардан алынған пікірлерді қоғамдық пікір сауалнамасына теңестіріп бұл талаптарды журналистерге қолдану дұрыс емес. Журналист жұмысының ерекшелігі мен табиғатын ескерсек, мұндай жанрлар сауалнама бола алмайды", – деген еді "Құқықтық медиа орталық" қоры өкілдері.

19 ақпанда бас прокуратура қоғамдық пікірге сауал салу ережесін бұзу бойынша 4 факт тіркелгенін хабарлаған.

Қазақстанда Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Ақорда конституциялық түзетулерді «жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту» қажеттілігі ретінде түсіндіреді. Ресми Астана бұл түзетуді екі палаталы парламенттен бір палаталы парламентке көшудің бөлігі ретінде мемлекеттік басқаруды жаңғыртуға бағытталған қадам ретінде ұсынады.

Жоба мәтінімен танысқан заңгерлер мен құқық қорғаушылардың айтуынша, жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России