Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Февраль
2026

Сот белсенді Ілияшевтің Тоқаев үстінен түсірген шағымын кері қайтарды

0

Астана қаласы ауданаралық әкімшілік соты белсенді Әлнұр Ілияшевтің президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үстінен түсірген арызын қарамай кері қайтарған. Бұл туралы Азаттыққа соттың анықтама бөліміндегі маман айтты.

Кеше, 26 ақпанда Ілияшев желіде президент Тоқаевтың референдум тағайындау туралы жарлығының заңдылығын даулап, сотқа шағым түсіргенін жазған. Белсенді Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты шағымды тіркегенін айтқан. Қазір Ілияшевтің шағым түсіргені туралы жазбасы Facebook парақшасында көрінбей қалды.

Белсенді "азаматтардың коституциялық құқығы мен бостандығын бұзатын, Республика қызметінің түбегейлі принциптерін өзгертетін жобаны 15 наурыздағы референдумға шығармақ" деп мәлімдеген. Сондықтан ол соттан президенттің референдум өткізу туралы жарлығын заңға қайшы деп тануды талап еткен еді.

Қазақстанда жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурызда өтеді.

Ақорда конституциялық түзетулерді "жаңа тарихи дәуірдің талаптарына сәйкес мемлекетті қайта құру және қоғамдық сананы жаңарту" деп түсіндіреді. Конституция жобасында екі палаталы парламенттің орнына бір палаталы парламент құрылатыны, Жоғарғы соттың, Конституциялық соттың, Ұлттық банктің, ҰҚК төрағасын, Бас прокурорды президент тағайындайды.

Ал кейбір заңгерлер мен құқық қорғаушылар жоба президенттің билігін күшейте түседі, биліктің заң шығарушы тармағының рөлін төмендетіп, азаматтардың құқығын шектейді деп санайды.

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі құрылымына енетін Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы Конституция жобасы президент билігін күшейтеді деген пікірлерді жоққа шығарып, оларды "аңыз" деп атады.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России