Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ әскери басшылығы Иранның 11 кемесі жойылғанын мәлімдеді

0

АҚШ қарулы күштерінің Таяу Шығыстағы операцияларын басқаратын Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы 28 ақпанда басталған сәтте Оман шығанағында болған Иранның 11 әскери кемесі мен теңіз құралдары жойылғанын мәлімдеді.

"Екі күн бұрын ирандық режимнің Оман шығанағында 11 кемесі болған, қазір бірде-бірі қалған жоқ", – делінген CENTCOM хабарында. Онда ирандық режим "ондаған жылдар бойы Оман шығанағындағы халықаралық кеме қатынасын қудалап, шабуыл жасап келгені" және "бұл кезең аяқталғаны" айтылған. Хабарға ирандық кемелердің біріне шабуыл жасалған сәт бейнеленген болуы мүмкін видеожазба қоса берілген.

Бұған дейін CENTCOM Тегеранның Иран әскері америкалық ұшақ тасымалдаушы кемеге шабуыл жасап, нысанаға тиді деген мәлімдемесін жоққа шығарған еді. АҚШ әскери қолбасшылығының хабарлауынша, ұрыс барысында зақымданған жалғыз "ұшақ тасымалдаушы" – палубасында дрондар болуы мүмкін Иранның Shahid Bagheri әскери кемесі. Хабарда Иран кемесі суға батты деп нақты айтылмаған. Бұған дейін CENTCOM-ның Оман шығанағындағы Чах-Бехар порты айлағы маңында Jamaran класына жататын ирандық корвет суға батқаны туралы мәліметін Naval News басылымы растаған еді.

АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін Иранның шамамен 10 кемесі "теңіз түбіне кетті" деп мәлімдеген. Ол Иран флоты нысандарына жасалатын шабуылдар жалғасатынын айтты. Иранның әскери-теңіз күштерін жою бұған дейін АҚШ операциясы мақсаттарының бірі ретінде аталған. Өзге мақсаттар қатарында Иранның зымыран әлеуетін әлсірету және оның ядролық бағдарламасына кедергі келтіру де бар.

Иран билігі елдің әскери-теңіз күштеріне келтірілген залал жайлы ресми түрде хабарлаған жоқ.

Иранның әскери-теңіз флоты құрамында ондаған сүңгуір қайық, бірнеше фрегат пен корвет, сонымен бірге ондаған зымыран катерлері, десант және патруль кемелері бар.

Ислам революциясы сақшылары корпусының өкілі Иран 2 наурыз күні кешке Парсы шығанағын мұхитпен жалғайтын Ормуз бұғазы арқылы кеме қозғалысын тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Иран басылымдары хабарлады. Дүйсенбі күні бұғазда Гондурас туын көтеріп жүрген танкерге шабуыл жасалғаны туралы ақпарат тараған еді. Тегеран әзірге бұғазды жабу жөнінде ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Бұғаз жабылса әлемде мұнай бағасы өсуі мүмкін, себебі Парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер шикізатты экспортқа осы бұғаз арқылы тасиды.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России