Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады, қаза тапқандар бар

0

Израиль Тегерандағы мұнай қоймаларына соққы жасады. Израиль дереккөзі Reuters агенттігіне мұндағы отын қару-жарақ жасауға, сондай-ақ әскери базалардың жұмысына пайдаланылғанын айтты.

Иранның ұлттық мұнай компаниясы соққылардан ұйымның төрт қызметкері қаза тапты деп мәлімдеді.

Компания кейбір аудандарда "әділ және тұрақты жеткізілімдерді қамтамасыз ету үшін" отынды мөлшермен беріп отыратынын хабарлады.

Иран Қызыл жарты ай қоғамы мұнай қоймаларындағы жарылыстан соң улы көмірсутек, күкірт оксиді және азот көп бөлінгенін хабарлады.. Соның салдарынан қышқыл жаңбыр жаууы мүмкін деген қауіп бар.

АҚШ-та орналасқан HRANA тәуелсіз құқық қорғау ұйымының болжауы бойынша, АҚШ пен Израильдің Ирандағы операциясы басталғалы 1205 бейбіт тұрғын қаза тапқан, олардың кемі 194-і - бала.

Израильдің Ynet басылымы дереккөздерге сілтеме жасап жазғандай, Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына алғашқы соққысын жасады. Мәліметке сәйкес, олар суды тұщыландыру зауытын нысанаға алған. Алайда The Jerusalem Post басылымына берген түсініктемесінде БАӘ-нің жоғары лауазымды өкілі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Басылымның мәліметінше, егер БАӘ соғысқа араласуды жоспарласа, олар әскери нысанды таңдаған болар еді.

Израиль сондай-ақ Ливанның оңтүстігіне және Бейрутқа соққы жасады. Reuters агенттігінің жазуынша, ел астанасында "Рамада" қонақүйі шабуылға ұшыраған. Израиль Қорғаныс армиясы соққылар Бейруттағы "Кудс" күштері Ливан корпусындағы негізгі қолбасшыларды нысанаға алғанын мәлімдеді. Бұл бөлімше — Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) құрамына кіреді.

Жексенбі күні Ливан денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір аптада Израильдің әуе соққылары салдарынан қаза тапқандар саны 394 адамға жеткенін хабарлады.

Жексенбі күні Иран Кувейтке, БАӘ-ге және Бахрейнге соққы жасады. Кувейтке дрон шабуылы нәтижесінде мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру мекемесіне қарасты ғимарат өртенген. Елдің Ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, мекеменің екі қызметкері "қызметтік міндетін орындау кезінде" қаза тапқан.

Бахрейнде, хабарларға қарағанда, суды тұщыландыру құрылғысы нысанаға алынған. Бұған дейін Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи АҚШ әуе шабуылы салдарынан Иранның Кешм аралындағы суды тұщыландыру зауыты зақымданғанын мәлімдеген, ол "мұны бастаған Иран емес, АҚШ" деген.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы 28 ақпанда басталды. Соққылар нәтижесінде жоғарғы көшбасшы аятолла Әли Хаменеи өлтіріліп, елдің әскери және ядролық қондырғылары қиратылған.Иран қарымта қайтарып, Вашингтон одақтастарының инфрақұрылымы мен базаларына соққы жасап жатыр.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России