Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

БАҚ: Қазақстан соғысқа қарсы ресейліктерді жаппай депортациялауға дайындалып жатыр

0

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған ықтиярхат алу туралы қылмыстық істі тергеп жатқан болуы мүмкін. Бұл жөнінде "Слово защиты" және соғысқа байланысты Қазақстанға кеткен ресейліктерге көмектесетін құқық қорғаушыларға сүйенген бірнеше БАҚ жазды.

"Новая газета Европа" басылымының жазуынша, бұл іс бойынша әскерге шақырылатын жастағы ондаған ресейлік куәгер атанған. Тергеу ақпан соңында басталған, бір шақырғанда 3-4 адам тергеліп жатыр.

Құқық қорғаушылар тергеудің соңы ықтиярхатты заңсыз алған ресейліктерді елден жаппай депортациялауға ұласуы мүмкін деп топшылайды. Олардың айтуынша, мәселе саяси қудалаудан гөрі жалған ықтиярхатты сатып алуға көбірек қатысты.

"Ковчег" жобасына осы іс бойынша тергелген ресейліктер хабарласқан. Олар алаяқтар арқылы көші-қон картасын алған деп айтылады. Ресейліктерге қылмыстық жазаға тартылу қаупі төніп тұрған жоқ, бірақ олардың рұқсат қағаздарының күші жойылады. Егер ресейлік Қазақстанда бір жылдан астам уақыт заңсыз тұрып келген болса, оны елден шығаруы мүмкін.

Қазақстан ҰҚК әзірге ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Ал сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев "жаппай депортация" жайлы ақпаратты "сыбыс" деп атап, "Қазақстанға пана іздеп келген тұлғалардың өтініштері заң аясында қаралады" деп айтқан. Оның сөзінен "Ұлысмедиа" үзінді келтіреді.

"Қазақстаннан пана іздеген шетел азаматтарына қатысты халықаралық міндеттемелерімізге сәйкес әрекет етеміз. Ресей азаматтарын еліне қайтару мәселесі тиісті заңды рәсімдерді сақтауды талап етеді. Әуелі оларға пана іздеуші тұлға мәртебесі беріледі. Содан кейін уәкілетті мемлекеттік орган шешім қабылдайды. Егер азаматтар бұл шешіммен келіспесе, сотқа шағымдана алады. Тек содан кейін ғана өздерінің шыққан еліне қайтару мәселесі қарастырылуы мүмкін" деді Ашықбаев.

Оның сөзінше, Ресейге қайтарылуы мүмкін азаматтардың саны жөнінде нақты мәлімет жоқ.

Ақпан айының соңында Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан билігінен 176 адам босқын мәртебесін сұрап отырғанын хабарлаған. Дегенмен ведомство босқын мәртебесіне өтініш бергендердің қай ел азаматтары екенін айтпаған еді.

2026 жылдың басынан бері Қазақстан бірнеше ресейлік белсендіні экстрадициялау туралы шешім қабылдаған. Арасында Навальный штабының бұрынғы еріктісі Юлия Емельянова мен шешен азаматы Мансур Мовлаев та бар.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России