Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Тоқаев орыс тілінің мәртебесіне қатысты жазбаларды "күңкіл әңгіме" деп, авторларын сынады

0

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "жаңа Конституция жобасында орыс тілінің мәртебесі төмендейді" деген сөздерді сынға алып, мұндай сөзді "күңкіл әңгіме" деп атады.

"Бұл жайында жазылған мақалаларды оқудың өзі қызық. Стилистикалық және грамматикалық қателерден аяқ алып жүре алмайсың. Жарияланым авторлары орыс тілі үшін қам жейді, бірақ өздері оны дұрыс меңгермеген" деді ол 12 наурызда мәслихат депутаттарының форумында.

Қазақстанда ақпанда жаңа Конституция жобасындағы "Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен қатар қолданылады" деген тармақ қоғамда талқы тудырған. Көп адам жобадан орыс тілін алып тастауды, тек қазақ тілін ғана қалдыруды талап еткен. Сыншылар бұл тармақ елде қазақ тілінің мәртебесін көтеруге кедергі болады деген қауіптерін айтқан.

Қоғам сынынан соң бұл тармақтағы "қатар" сөзі "тең" деп ауыстырылған.

Тоқаев бүгін, 12 наурыздағы сөзінде "орыс тілі үшін қам жеген" авторларды да, жарияланған мақалаларды да атамады. Қазақстан Конституция жобасындағы "қатар" сөзін "тең" деген сөзге ауыстырғанда Ресейдегі бірнеше сайт бұл шешімді сынайтын мақалалар жариялаған еді.

Қазақстанда қоғам сыны күшейген тұста билік пен жобаны дайындаған конституциялық комиссия өкілдері "ел бірлігі", "геосаяси ахуал" деген себептерді алға тартқан. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин "Тіліміз биік тұғырда, өз орнында. Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін ең бастысы – мемлекетті сақтау керек" деген.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России