Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі ақпаратқа репост жасағандар жазаланбақ

0

Қазақстанда әлеуметтік желілердегі ақпаратқа репост жасағандар жазаланбақ. Қаржы мониторинг агенттігі (ҚМА) тыйым салынған контенпен күрес туралы жобасын таныстырды.

"Басты назарда - терроризм насихаты, қаржы пирамидалары, заңсыз лотерея мен онлайн-казиноларды әлеуметтік желілер мен мессенжерлердегі жарнамалар. Мұндай ақпаратқа репост жасағандар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады, ал ресурстың өзі жабылады. Құжатты талқылау 20 наурызға дейін жалғасады" деп хабарлады “Құқықтық медиа орталығы”.

Құжатқа қарағанда, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер, мессенжерлер, ақпарат құралдары, өзге де ақпараттық-коммуникациялық платформалар тексерілмек. Тексеруді қаржы мониторинг агенттігі жүргізеді.

Бұған дейін мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов Tengrinews агенттігіне “егер адам өз парақшасында біреудің заңға қайшы контентін жариялап және мұның заңсыз екенін ескертсе де” оның жазаға тартылатынын айтқан.
Онлайн-платформалар мен онлайн-жарнама туралы заңға сәйес, заңға қайшы контентке елдің конституциялық құрылымын күштеп өзгерту, Қазақстанның тұтастығын бұзуға шақыру, үгіттеу немесе насихаттау кіреді. Бұған қоса:
мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтірусоғысәлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық үстемділік
қатігездік, күш көрсету, суицид, порнография, есірткі,
психотропты заттар,сепаратизм, алаяқтық идеясы, ұлтаралық, дінаралық келісімнің бұзылуына ықпал ететін ақпарат пен соған шақыру, үгіттеу мен насихаттау кіреді.2022 жылы мамырда Қазақстанда "Балалар құқығын қорғау мәселелері жөніндегі өзгерістер мен толықтырулар" деп аталатын заң қабылданған. Көпшілік "Сарым-Закиева заңы" деп атап кеткен құжатты биліктегі "Аманат" партиясынан сайланған депутаттар Айдос Сарым мен Динара Закиева ұсынған.
Ол заңда шетелдік онлайн-платформа мен жедел хабар алмасу сервисі Қазақстанда заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, компанияның Қазақстандағы өкілдігін ашуы керек, оны Қазақстан азаматы ғана басқара алады деп жазылған. Осылайша ел ішінде ірі әлеуметтік желілердің өкілдіктері ашыла бастады.
Заңда "Филиал басшысы Қазақстан билігі заңға қайшы деп тапқан ақпаратты өшіруге не бұғаттауға міндетті" деген бөлім де бар. Филиал басшысы ақпарат министрлігінен келген шағымды бірден қарап, онда жазылған талапты бір тәулік ішінде орындауы керек. Сол кезде құқық қорғаушылар бұл заң Қазақстандағы сөз еркіндігін шектеуі мүмкін деп дабыл қаққан еді. Ал билік өкілдері ол заң желідегі сөз еркіндігіне шектеу қоюды көздемейді деп сендіруге тырысқан.
Кейінгі кезде Facebook пен Instagam-дағы жазбаларының жойылғаны туралы шағымдар көбейіп жатыр.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России