Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

АҚШ Ормуз бұғазын күзететін коалиция жариялауға жақын. Ирак соғыс зардабын тартып жатыр

0

АҚШ Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерді сүйемелдеу жөнінде коалиция жариялауға жақын. Бұл туралы Wall Street Journal және Axios басылымдары хабарлады. Иран әзірге беріле қоймайтынын мәлімдеп отыр. Ал көрші жатқан Ирак соғыс зардабын тартып отыр.

"Трамп әкімшілігі осы аптада бірқатар ел Ормуз бұғазынан өтетін кемелерді сүйемелдейтін коалиция құруға келіскенін жариялауды жоспарлап отыр" деп жазды WSJ 15 наурыз күні АҚШ-тың аты аталмаған шенеунігіне сілтеп.

Басылым хабарына қарағанда, коалиция құру мәселесі әлі талқыланып жатыр және оның қандай сипатта жұмыс істейтіні соғыс алаңындағы жағдайға байланысты болмақ. Коалицияға кіруі мүмкін деген елдер миссияның қашан басталатынын талқылап жатыр. Коалиция жұмысы не қазір, яғни ұрыс жүріп жатқан кезде, не атыс тоқтаған соң басталуы ықтимал. Талқы тудырып жатқаны – негізінен осы мәселе.

Axios басылымы кейінірек өз дереккөздеріне сілтеп, АҚШ президенті Дональд Трамп коалиция жөніндегі мәлімдемесін осы аптада жариялауды жоспарлап отырғанын, сондай-ақ ол бұғаздағы бұғат алынбаған жағдайда Иранның стратегиялық маңызы бар Харк аралын басып алуды қарастырып жатқанын хабарлады. АҚШ 13 наурыз күні осы Харк аралын бомбалаған.

Мұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп: "Ормуз бұғазы арқылы мұнай алатын елдер дәліздің өз қамқорлығына алуы керек, біздің көмегіміз МОЛ болады" деген.

16 наурыз күні Financial Times басылымында жарияланған сұхбатында Трамп НАТО елдеріне қайырылып, АҚШ-қа Ирандағы жағдай бойынша көмектеспесе, одаққа мүше елдердің болашағы "өте жаман" болады деген.

"Бұғаздың игілігін көріп отырған елдер ол жақта жағымсыз жағдай болмауын қамтамасыз етуге көмектескені қисынды" деп келтірді FT Трамптың сөзін.

15 наурыз күні Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер Трамппен сөйлесіп, Ормуз бұғазын қайта ашудың маңызын талқылаған. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы хабарлады.

Стармер сондай-ақ Канада премьері Марк Карнимен де сөйлескен. Олар бұғаздың жабық тұрғаны халықаралық кеме қатынасына кесірін тигізіп жатқанын сөз қылған. Қос басшы бұл талқыны 16 наурыз күні Лондондағы кездесуді жалғастырмақ.

ЭНЕРГИЯ ДАҒДАРЫСЫНЫҢ УШЫҒУ ЫҚТИМАЛДЫҒЫWSJ басылымының жазуынша, АҚШ мұнай саласының лауазымды тұлғалары Ирандағы соғыстан туған энергетика дағдарысы ушығуы әбден мүмкін деп ескертіп отырғанын хабарлады. Мақалаға қарағанда, Exxon Mobil, Chevron және ConocoPhillips компанияларының басшылары Ақ үйдегі кездесуде, сондай-ақ АҚШ энергетика министрі Крис Райтпен және ішкі істер министрі Дуг Бургуммен сөйлескенде бұғаздағы кеме тасымалының тоқтауы әлемдік энергетика нарығын тұрақсыздандыра бермек деп айтқан.

Егер әскер күштер атыс аяқталмай жатып кемелерді бұғаздан сүйемелдеп өткізе бастаса АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысы жаңа кезеңге ұласуы ықтимал.

АҚШ шенеуніктері Израильмен бірлесіп жасаған шабуылдар кезінде Иранның теңіз күштерін жойғанын мәлімдеген. Бірақ Тегеран соған қарамастан Парсы шығанағындағы АҚШ-қа одақтас араб елдерін атқылады. Иран сондай-ақ бұғаздағы кемелерге де соққы жасауы мүмкін.

Иран сыртқы істер министрі Аббас Аракчи 15 наурыз күні Тегеран Вашингтонмен келіскісі келеді деген Трамптың сөзін жоққа шығарды. Трамп Тегеранмен келіссөзге дайын емес екенін, Иранның шарты орынсыз екенін айтқан.

"Біз ешқашан да бітім сұрамадық, біз тіпті келіссөз де сұрамадық" деді Аракчи CBS TV телеарнасына. "Қанша қажет болса, сонша қорғануға дайынбыз".

СОҒЫСТЫҢ ЗАРДАБЫН ТАРТҚАН ИРАКИрандағы соғыстың зардабын оның көршісі Ирак та тартып жатыр. Ирак шенеуніктерінің айтуынша, ел аумағындағы Иран қолдайтын топтарға немесе АҚШ-қа қатысы бар базаларға бірқатар зымыран шабуылы жасалған.

Ирак лауазымды тұлғаларының айтуынша, 15 наурыз күні Бағдаттағы әуежай кешеніне зымыран тиген. АҚШ дипломатия қызметтері осы кешенде орналасқан.

"Бағдат халықаралық әуежайы мен оның айналасындағы жерлерге бес зымыран тиіп, әуежай мен қауіпсіздік бөлімінің төрт қызметкері және инженер жараланды" деді Ирак билігі.

Қауіпсіздік күштері Бағдаттың оңтүстік-батысындағы әл-Радвания ауданын атқылауға қолданылған ұшыру алаңын басып алған.

Қорғанысы мықты Бағдат әуежайы ірі әскери кешенді қамтиды. Оның ішінде Иранның әскери және қауіпсіздік базалары, түрлі террористерді ұстап отырған орталық түрме және АҚШ-тың дипломатиялық және логистикалық орталықтары бар.

Иранға қарсы соғыс басталғалы Ирак өз әуе кеңістігін жауып тастады. АҚШ одақтасы саналатын Иракта Иранның қолдауына ие әскери және саяси күштер бар.

Иран қолдайтын күштер АҚШ базаларына күн сайын дронмен және зымыранмен шабуылдағанын мәлімдеген.

Шабуылға АҚШ-тың Бағдаттағы елшілігі де ұшыраған. 14 наурыз күні елшілікке бір дрон түскен. Сол күні Иран қолдауына күштеріне соққы жасалып, олардың жауынгері мерт болған. Бағдатта бұл соққының артында АҚШ тұр деп санайтындар көп.

Reuters ақпарат агенттігі қауіпсіздік күштеріндегі дереккөздеріне сілтеп, 15 наурызда Ирактағы Күрдістанда Иран оппозиция лагеріне үш дрон түсіп, бір жауынгер қаза тапқан.

Израиль әскерінің өкілі, бригада генералы Эффи Дефрин Иран аумағында Израильдің әлі мыңдаған нысанасы барын мәлімдеді.

"Иранда әлі мыңдаған нысанамыз бар, біз күн сайын жаңа нысананы анықтап жатырмыз" деді ол.

Израиль Ливандағы "Хезболла" өкілдері тығылды деген нысандарды да атқылап келеді. 15 наурыз күні Израиль Бейруттың оңтүстігіндегі "Хезболла" инфрақұрылымына соққы жасағанын мәлімдеді.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России