Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Март
2026
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22
23
24
25
26
27
28
29
30
31

Белсенді Амангелді Жахиннің ісі бойынша сот тыңдауы өтті

0

20 наурызда Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында белсенді Амангелді Жахиннің ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы өтті. Онда белсендінің негізгі соты қай жерде өтетіні шешілді. Онлайн сот арасындағы үзіліс кезінде белсенді Азаттыққа өзіне тағылған айыпқа қатысты пікірін айтып үлгерді.

“Азаматтық позициямды білдірген әрекетті “экстремизм” деп санап жатыр” деді белсенді.

Оның сөзінше, қудаланған белсенділерді қорғайтын адвокаттарға және түрмеге алып баратын сәлем-сауқат үшін ақша жинағаны үшін өзін “экстремизмді қаржыландырып отыр” деп айыптаған. Ол оппозициялық “Алға, Қазақстан” партиясын құру жөніндегі бастамашы топты басқарған саясаткер Жасарал Қуанышәлиннің қайтыс болып кеткенін, одан кейінгі жетекшісі Марат Жыланбаев қазір түрмеде отырғанын тілге тиек етті.
“Енді үшіншісі мен едім. Партияның қатарынан екі төрағасын түрмеге қамау дегенді қалай атауға болады. Тоқаевтың өзі “партия құрыңдар” демеп пе еді. Сол партияны құрмақ болған бізге кедергі жасап, түрмеге қамап жатыр” деді ол.
Сот Көкшетау қалалық сотында өтетін болды.

Жахинге “тыйым салынған ұйымның ісіне араласу” және “экстремистік ұйымды қаржыландыру” баптары бойынша айып тағылған. Ол былтыр қарашада қамалды. Ақпан айында тергеу аяқталғаны белгілі болды.
Қазір ол Көкшетаудағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Ол бұған дейін қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып, саяси белсенділерді қолдап, сол үшін талай әкімшілік жауапқа тартылған.
Қазір "Алға, Қазақстан" оппозициялық партиясын құру жөніндегі бастамашыл топтың кейбір өкілдері қамауда, кейбірі үйқамақта, кейбірі әкімшілік жауапқа тартылған.
Топ жетекшісі, марафоншы, белсенді Марат Жыланбаев 2023 жылы "экстремистік ұйым жұмысына араласты, оны қаржыландырды" деген айыппен 7 жылға түрмеге қамалған. Сот ұйғарымында Жыланбаев "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысы экстремистік ұйым деп танылғанын біле тұра Астана қаласы аумағында "ҚДТ" ұйымының қызметіне белсенді түрде араласып, Мұхтар Әблязов ұйымдастырған заңсыз митингілерге қатысқан деп көрсетілген.
2018 жылы Қазақстан соты шетелге қашқан банкир, Қазақстан билігін сынап жүрген Мұхтар Әблязов құрған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" оппозициялық қозғалысын (ҚДТ) "экстремистік ұйым" деп танып, қызметіне тыйым салған.
Биыл қыста Семейде "тыйым салынған ұйымның" ісіне араласу және "экстремистік ұйымға дем беру" баптары бойынша тағы бір белсенді Нұржан Сембаев қамалған.







Губернаторы России





Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media


103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости




Спорт в России и мире



Новости Крыма на Sevpoisk.ru




Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России