“Челси“ маусым алдындағы соңғы матчте ойнайтын құрамын жариялады: Сәтпаев тізімде бар ма?
"Челсидің" "Джохорға" қарсы матчтегі құрамы
Шарман-Лоу, Сарр, Тосин, Ансельмино, Кенда, Николл-Джазули, Эссуго, Гиттенс, Эстевао, Джексон, Делап.Қазақстандық вингер негізгі құрамға енбей, қосалқы құрамда қалды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
Еске салайық, маусымаралық алғашқы ойында "Челси" аустралиялық "Вестерн Сиднейді" 6:4 есебімен тас-талқан етті, ал Сәтбаев команда сапындағы алғашқы голын соқты.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
"Тоттенхэммен" өткен екінші кездесуде қазақстандық футболшы алаңға қосалқы құрамнан шықты, алайда лондондықтар 1:2 есебімен есе жіберді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
"Ювентусқа" қарсы матчте да вингер екінші таймның 65-минутында алаңға шықты, бірақ "Челси" 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
Италиялық "Миланға" қарсы ойында Дастан Сәтбаев алаңға шыққан жоқ. "Көктер" 3:0 есебімен ірі жеңіске жетіп, Indonesia Super Cup трофейін иеленді.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Chelsea FC (@chelseafc) жарияланымы
"Челси" мен "Джохор" арасындағы матч бүгін, 9 тамызда Қазақстан уақытымен сағат 17:00-де басталады. Кездесу Джохордағы (Малайзия) "Искандар Сұлтан" стадионында өтеді және маусым алдындағы Азия-Аустралия турнесінің соңғы матчі болмақ.
