Қарағандыда оркестр ерекше орында концерт беріп, көрермендерді таңғалдырды
Оркестр мүшелерін карусельге отырғызса не болады? Қазақстан Ұлттық ұланының музыканттары осыны тексеріп көруді ұйғарды - олар аттракцион қозғалып тұрған кезде өнер көрсетті, деп хабарлайды Tengri Life.
Желіде Қазақстан Ұлттық ұланы музыканттарының аттракционда композиция орындаған видеосы танымал болды.
@ulttyq_ulan_orkestri
Үлкен гештальтты жаптық ????
♬ түпнұсқа дыбыс - Үлгілі-көрсетімді оркестр ????????
Оркестр бастығы Шыңғысхан Жасұланның айтуынша, олар ерекше түсірілімді Қарағандының Орталық саябағында ұйымдастырған. Бұл идеяның бастамашылары - оркестрмен танымал трендті қайталауды ұсынған оның өзі және дирижер Айдос Сембаев.
"Instagram желісінен бірнеше музыкант карусельде ойнап тұрған америкалық трендті көріп, оны қайталауды жөн көрдік", - деді дирижер.
Жасұлан Шыңғысханның сөзіне қарағанда, әріптестері бұл идеяны қолдаған, ал ефрейтор Қуаныш Жексенбаев түсірілім мен трендті жүзеге асыруды өз мойнына алуды ұсынған.
Оркестр Қарағандыға қазір Ұлттық ұланның ән-би ансамблінің бастығы, майор Төрехан Жаудинов негізін қалаған Guard Next жастар жобасы аясында гастрольдік сапармен барған. Орталық саябақтағы өнер көрсету кезінде музыканттар ойға алған істерін жүзеге асырып, аттракциондардың бірінде отырып ойнауды ұйғарды.
Тағы оқыңыз: Бүкіл аулаға дастархан жайылған: алматылықтар ерекше қоныс той жасап, Қазнетті тәнті етті
