Қасым-Жомарт Тоқаев “Таза Қазақстан“ акциясына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында жастармен және экобелсенділермен бірге Президент саябағының аумағында ағаш екті.
Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің қатысуымен өткен экологиялық акцияның суреттерін жариялады.
Еске салайық, биыл көктемде де Мемлекет басшысы "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысқан болатын.
Ағаш отырғызу сәті. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
Ақорда ғимараты, Президент саябағы жағынан көрініс. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосыАстанадағы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы. Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы
