Астанадағы “Лазурный квартал“ тұрғын үй кешенінде өрт шықты
Бұл туралы жексенбі, 20 қыркүйекте таңертең Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
"Астананың Есіл ауданында, Сарайшық көшесіндегі 14 қабатты тұрғын үй кешенінің 13-қабатындағы пәтер мен лоджиядан өрт шықты", - делінген хабарламада.
Елордалық ТЖД өкілінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 112 пультіне сағат 3:45-те түскен. Оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер екі адамды құтқарып, тағы бес адамды эвакуациялады.Құтқарушылар тілсіз жауды сағат 4:13-те ауыздықтап, 4:22-де толықтай өшірді.Өрттің аумағы 15 шаршы метр болды, зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге ТЖД-ның 25 жеке құрамы мен алты техникасы жұмылдырылды.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жарияланымы (@112kz_)
