Қазақстандық велошабандоз 2026 жылғы Азиадада қоржынға екінші алтын салды
Екінші орын жапониялық Сюнсукэ Имамураға (42:58.04) бұйырса, үшінші болып Моңғолия өкілі Жамбальямц Сайнбаяр (42:58.06) мәреге жетті.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба
Айта кетейік, Алексей Луценко үшін бұл Азия ойындары мансабындағы төртінші жарыс болса, ал иеленген алтыны - құрлықтың басты додасындағы бесінші жүлдесі.23 қыркүйекте Луценко тағы бір жарысқа, бұл жолы топтық бәйгеге қатысады.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
???????????????? ???????? ???????????????????????????????????? ???????????????????????? (@qaz_team_official) парақшасынан жарияланым
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтеді. Бұл додада Қазақстан намысын 558 спортшы қорғайды.
Жарыс бағдарламасында спорттың 43 түрі мен 71 дисциплина бар, онда 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Ойындарға 45 ұлттық олимпиадалық комитеттен (Азия елдері мен аймақтары) 11 мыңнан астам спортшы, сондай-ақ, босқындар командасы (OCA Refugee Team) қатысып жатыр.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
Kazakhstan Olympic Team (@olympickz) жариялаған жазба
