ҚР Ұлттық банкі қазақстандық үздік банкноттар мен монеталар байқауын жариялады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық банкі қазақстандық банкноттар мен монеталардың үздік бейнесі бойынша байқау жариялады. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Дина Ғалиева мәлім етті.