АУА РАЙЫ: 7 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде қар жауады, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 7 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде атмосфералық ағындарды өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, көбінесе қар жауып, күндіз оңтүстікте қатты жауын-шашын болады, еліміздің оңтүстік-батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.