Криштиану Роналду төртінші рет «Алтын доп» иегері атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Португалия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реалдың» үздік сұрмергені Криштиану Роналду 2016 жылғы «Алтын доптың» иегері атанды. Футболшы бұл марапатты төртінші рет жеңіп алды.