Шымкент қаласын Дүниежүзілік «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізу керек - ғалым
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шымкент қаласының тарихы 2000 жылдан асады. Сондықтан оны Дүниежүзілік «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізу керек. Бұл туралы Шымкентте өткен Халықаралық ғылыми тәжірибелік конференцияда Әлкей Марғұлан атындағы археология институтының директоры Бауыржан Байтанаев мәлімдеді.