Елбасы Мысыр Президентіне Каир қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисиге Каир қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.