25 жылдың ішінде жүздеген полицей оққа ұшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сәйкес, осы уақытқа дейін қызметте жүрген 764 тәртіп сақшысы қаза тапты. Солардың ішінде 115 ұлан мен полицейдің отбасына мемлекеттік наградалар табысталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.