Ерлан Сағадиев білім саласының үздіктерін марапаттады
Білім саласы қызметкерлері үшін бүгін қуанышты күн болды. Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы армандап өткен Тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында олар мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл марапаттар мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлестері үшін тапсырылды.