Бүгін Астанада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 18 желтоқсанда сағат 19:00 «Хан-Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы жанындағы мұз қалашығында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап.