Қызылорда облысының жедел жәрдем қызметі тағы 24 санитарлық автокөлікпен толықпақ
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Келер жылы жедел жәрдем қызметінің материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында 24 санитарлық автокөлік алынады. Бұл туралы бүгін облыстық коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Баян Боранбаева айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.