ҚР инвестициялар және даму министрінің жаңа орынбасары тағайындалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі болып Роман Скляр тағайындалды. Осыған байланысты ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек жаңа вице-министр Роман Склярды ұжымға таныстырды, деп хабарлайды ведомствоның ресми өкілі Берік Уәли Фейсбуктағы парақшасында.