Мемлекеттік қызметке келем деушілерге жаңа талаптар қойылатын болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде мемлекеттік қызметке келем деушілерге қойылатын талаптар өзгерді. Бұл туралы бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментінің директоры Мақсұт Өтешев журналистермен болған брифингте мәлім етті.