Шымкентте "қызыл сызыққа" енген үйдің тұрғындары ертеңгі күніне алаңдайды
2018 жылы маусымда республикалық маңызы бар қала мәртебесіне ие болғаннан кейін Шымкенттің бас жоспары өзгертіліп, "қызыл сызыққа" түскен үй көбейген. Баспанасы "қызыл сызыққа" енген тұрғындар мемлекет беретін өтемақы басқа үй алуға жетпей, далада қаламын ба деп уайымдайды. Билік өкілдері сүрілетін үй иелеріне заңға сай өтемақы беріледі деп сендіреді.